Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 5-26 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2026 жылғы 29 сәуірдегі Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының атауы жоқ көшесіне "Бекбатыр Шыныбаев" атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күшінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б.Джайлямысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады