Қаратұрық ауылдық округінің Ащысай және Қаратұрық ауылдарының көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 1-04/05 шешімі

      “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және 2026 жылғы 29 сәуірдегі облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округінің әкімі шешім еттім:

      1. Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округінің Ащысай ауылындағы атауы жоқ көше "Жобадағы" көшесі "Мырзағұлов Сейсенбек" көшесі, Қаратұрық ауылындағы "Жобаланған" көшесі "Закиров Даут" көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратұрық ауылдық округі әкімі А. Ілебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады