Қарасай ауданы Бірінші Май ауылдық округі Бекболат ауылының Жастар көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Бірінші май ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бірінші Май ауылдық округі Бекболат ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2026 жылғы 29 сәуірдегі Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Қарасай ауданы Бірінші Май ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бірінші Май ауылдық округі Бекболат ауылының Жастар көшесінің атауы "Садуақас Тоқашев" деп өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күшінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Х.Молдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады