Алатау ауылдық округінің Қызыл-Қайрат, Рысқұлов ауылдарындағы көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Алатау ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 20 тамыздағы № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алатау ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысы негізінде, Талғар ауданы Алатау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алатау ауылдық округінің келесі көшелеріне атау беріліп және қайта аталсын:

      Рысқұлов ауылындағы "Фурманов" көшесі "Джарас Мусин"

      көшесіне, "Горная" көшесі "Рахман Ташкеев" көшесіне ;

      Қызыл-Қайрат ауылындағы "Жаңақұрылыс" көшесі "Әділхан Байғожаев " көшесіне, "Жаңақұрылыс" көшесі "Музакбер Избакиев" көшесіне

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі А.Сейтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады