Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 4 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бесағаш ауылы халқының пікірін ескере отырып, Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Бесағаш ауылындағы Тюльпан, Тау бұлақ, Самал, Той думан саяжайларындағы атауы жоқ көшелерге "Айдарлы", "Алтай", "Жайық", "Қазығұрт" және Бесағаш ауылындағы атауы жоқ көшелерге "Ақбозат", "Ақиық", "Ақотау" , "Отырар" атаулары берілсін.

      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырыма қалдырамын.

      3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесағаш ауылдық округінің әкімі Е. Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады