"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуіріндегі қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Бахар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Бахар ауылындағы
1) оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан бірінші көшесі – Тамшыбұлақ;
2) оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан бесінші көшесі – Желмая;
3) оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан алтыншы көшесі – Оқжетпес;
4) шығыстан батысқа қарай орналасқан алтыншы көше – Байтақ көшесі деп аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бахар ауылдық округінің әкімі | М. Мадамилов |