"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 417 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:

      1 "Ағымдағы шығындар" санатта:

      1 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар" сыныбында:

      150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" кіші сыныбында:

      158 "Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу" ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "158 Цифрландыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу";

      2 "Күрделі шығындар" санатта:

      4 "Негізгі капиталды сатып алу" сыныбында:

      430 "Дамуға бағытталған күрделі шығындар" кіші сыныбында:

      434 "Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту" ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "434 Цифрлық жүйелерді құру, енгізу және дамыту";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" кіші сыныбында:

      мына:

      "


158

Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған жұмыстар мен қызметтер тізімі


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


158

Цифрландыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу

Бұл ерекшелiк бойынша цифрландыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi шығындар көрсетiледi.


      ";

      410 "Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу" кіші сыныбында:

      мына:

      "

430


Дамуға бағытталған күрделі шығындар

Осы кіші сыныпта қолданыстағы объектілердің (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялар) жаңаларын салу және (немесе) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау), оларға байланысты технологиялық және инженерлік жабдықты монтаждау (бұзу), құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларды жасау (өндіру), аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын шығарған объектілерді постулизациялау бойынша жұмысты жүзеге асыру арқылы өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру бойынша құрылыс қызметіне байланысты барлық шығындар көрсетіледі, сондай-ақ қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуден басқа, сол сияқты ақпараттың жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға және бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаларды icкe асыруға арналған шығындар көрсетіледі. "Толық бітіріп берілетін" (EPC) құрылыс жобалары бойынша шығындар. Осы кіші сынып бойынша жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар көрсетіледі.
Жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар 159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарды төлеу" ерекшелігі бойынша сыныпталады.


      ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

430


Дамуға бағытталған күрделі шығындар

Осы кіші сыныпта қолданыстағы объектілердің (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялар) жаңаларын салу және (немесе) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау), оларға байланысты технологиялық және инженерлік жабдықты монтаждау (бұзу), құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларды жасау (өндіру), аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын шығарған объектілерді постулизациялау бойынша жұмысты жүзеге асыру арқылы өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру бойынша құрылыс қызметіне байланысты барлық шығындар көрсетіледі, сондай-ақ қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуден басқа, сол сияқты цифрлық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға және бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаларды icкe асыруға арналған шығындар көрсетіледі. "Толық бітіріп берілетін" (EPC) құрылыс жобалары бойынша шығындар. Осы кіші сынып бойынша жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар көрсетіледі.
Жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар 159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарды төлеу" ерекшелігі бойынша сыныпталады.


      ";

      мына:

      "


434

Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту

Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту бойынша қызметтерді төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде көзделген негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді сатып алу бойынша шығындар.


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


434

Цифрлық жүйелерді құру, енгізу және дамыту

Цифрлық жүйелерді құру, енгізу және дамыту бойынша қызметтерді төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде көзделген негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді сатып алу бойынша шығындар.


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады