"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 августа 2026 года № 560

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Комитет басшысы егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Қаржы министрімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.";

      18-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Комитет басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      Астана, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.";

      19-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комитет басшысының өкілеттіктері:

      1) өзінің орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері басшыларының, Комитеттің Бас диспетчерлік басқармасы басшысының, мамандандырылған мемлекеттік мекеме басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      Комитет басшысының орынбасарларын;

      Комитеттің мемлекеттік қызметшілерін;

      астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері басшыларын;

      Комитеттің Бас диспетчерлік басқармасының басшысын;

      мамандандырылған мемлекеттік мекеме басшысын;

      Комитеттің қарамағындағы ұйымның басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;";

      19-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іссапар, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, Комитет төрағасының орынбасарларына, Комитеттің мемлекеттік қызметшілеріне, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері басшыларына, Комитеттің Бас диспетчерлік басқармасы басшысына, мамандандырылған мемлекеттік мекемелері басшыларына үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;";

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қарамағындағы ұйым

      "Digital Silk Road Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ж.Ж. Дүйсембиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады