"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 758-71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын бюджет процесі саласындағы цифрлық жүйелерді сүйемелдеу және әкімшілендіру қызметтеріне бағалар белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және активтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің жіберілуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында алғаш ресми жарияланған күннен кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. |
|
| 2026 жылғы 3 қыркүйектегі | |
| № 603 бұйрығына қосымша |
"Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын бюджет процесі саласындағы цифрлық жүйелерді сүйемелдеу және әкімшілендіру қызметтеріне бағалар
№ | Қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | Жыл | Баға* |
1 | Бюджет процесі саласындағы цифрлық жүйелерді сүйемелдеу және әкімшілендіру қызметтері | Бір адамға сағатына | 2026 | 12 083 |
2 | Бір адамға сағатына | 2027 | 10 606 |
Ескерту:
* егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, бағалар қосылған құн салығынсыз теңгемен көрсетілген.