Арнайы құқық субъектісі "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 609 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасының
  Қаржы министрі
2026 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 609 бұйрығымен бекітілген

Арнайы құқық субъектісі "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Бюджет процесі саласындағы интегратор функциялары шеңберінде бюджет мониторингін, бюджеттік кредиттеу платформасын және қосымша цифрлық объектілерді қоса алғанда, бюджет процесі шеңберінде цифрлық жұмыс кеңістігін сүйемелдеу және пайдалануға беру.

      2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес веб-порталдың жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік сатып алу субъектілеріне консультациялық көмекті қоспағанда, пайдаланушылардың өтініштерін орталықтандырылған қабылдауды, тіркеуді, өтуін бағдарлауды, өңдеуді және мониторингтеуді қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және бағдарламалық іс-шаралар кешенін қамтитын заңнамалық тұрғыдан бекітілген функциялар шеңберінде көрсетілетін консультациялық қызметтер.

      3. Кейіннен бюджет процесіне қатысушылар үшін өңдеу нәтижелеріне қолжетімділік берумен және цифрлық сервистер мен құралдарды (оның ішінде жасанды интеллект, API бағдарламалық интерфейсі (Application Programming Interface), бұлтты сервистер мен анықтамалық деректер арқылы) пайдалануға ұсына отырып, болжамды деректерді қалыптастыруды қоса алғанда, бюджет процесінің деректерін өңдеу және талдау.

      4. "Электрондық дүкен" кіші жүйесі бар электрондық сауда алаңдарын үздіксіз технологиялық сүйемелдеуді, мониторингтеуді және интеграциялық өзара іс-қимылын қолдауды қоса алғанда, олардың цифрлық жүйелерінің интеграциялық өзара іс-қимыл жасасу процестерін сүйемелдеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады