"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 623 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау";

      487 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 059 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "059 Елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу";

      492 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      053 "Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "034 Облыстық бюджеттен ішкі қарыздар қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";

      813 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      053 "Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "034 Облыстық бюджеттен ішкі қарыздар қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      029 "Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "034 Облыстық бюджеттен ішкі қарыздар қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "015 Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау";

      741 "Облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 072 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "072 Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады