БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:
58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Бюджет кодексінің 98-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тиісті бюджет комиссияда міндетті түрде қарала отырып, бюджетте бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша бекітілген бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он бес пайызынан аспайтын көлемде қаражатты бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында және (немесе) бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлу туралы шешім қабылданған кезде, мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Рәсімдердің 2-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын түсімдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың негізінде түсімдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен түзетілген бюджетте осы өзгерістерді көрсетеді.
59. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізілген бюджеттік мониторинг негізінде тоқсанына бір реттен асырмай тоқсанның бірінші айының жиырма бесінші күніне дейін, төртінші тоқсанда ағымдағы қаржы жылының бірінші қазанынан кешіктірмей Бюджет кодексінің 98-бабының 2-тармағы 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджет құрылымын өзгертпей, Республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу бойынша ұсыныстар енгізеді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізілген бюджеттік мониторинг негізінде тоқсанына бір реттен асырмай тоқсанның бірінші айының жиырма бесінші күніне дейін, төртінші тоқсанда – Бюджет кодексінің 98-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда ағымдағы қаржы жылының бірінші қазанынан кешіктірмей жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бюджет құрылымын өзгертпей, жергілікті бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу бойынша ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға енгізеді.";
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізу үшін мемлекеттік қазынашылық жеті мәнді кодтар беріледі, мұнда бірінші үш белгі "Мемлекеттік жоспарлау" цифрлық жүйесінің "Нормативтік-анықтамалық ақпарат" модулінде қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодын білдіреді, келесі төрт белгі әр мемлекеттік мекеме үшін жеке болып табылады.";
159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"159. Арнаулы мемлекеттік қордың шотын, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының шоттарын ашу және жабу тәртібі осы Рәсімдердің 4-тарауы 3 және 8-параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
160-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"160-2. Инфрақұрылымдық даму қорының, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін түсімдер бойынша операциялар Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес есепке алынады.
Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы № 129 бұйрығымен бекітілген Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларына, өлшемшарттарына сәйкес әзірленген және Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен бұдан әрі қаржыландыру үшін Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған мемлекеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – МИЖ Тізбесі) қаржыландыру мақсатында тиісті саланың орталық уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды тиісті саланың орталық уәкілетті органының ведомствосы іске асырған жағдайда, ведомствоға қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінімді мемлекеттік қазынашылық органына тиісті саланың орталық уәкілетті органы ұсынады.
Тиісті саланың орталық уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражат республикалық бюджет комиссиясының шешімін және мақұлданған МИЖ тізбесін қоса бере отырып, төлеуге берілетін шот негізінде тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің, және (немесе) дербес білім беру ұйымының не оның денсаулық сақтау саласындағы ұйымының (егер мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыруға тапсырыс беруші квазимемлекеттік сектор субъектісі және (немесе) дербес білім беру ұйымы не оның денсаулық сақтау саласындағы ұйымы болған жағдайда) қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады.";
160-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"160-5. Инфрақұрылымдық даму қорының, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу және жабу тәртібі осы Рәсімдердің 4-тарауы 3 және 8-параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 160-6-тармақпен толықтырсын:
"160-6. Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған өзге де көздер есебінен қаржыландыруға жол беріледі.";
164 және 165-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"164. Мемлекеттік кірістер органдары әкiмшiлiк ететiн негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдердi, трансферттер түсiмдерiн, бюджет кредиттерiн өтеудi, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдердi, қарыздар түсiмдерiн қоспағанда, салықтық емес түсiмдер сомасын қайтару және (немесе) есептеу үшiн қорытындыны бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына, Инфрақұрылымдық даму қорына түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi орган жасайды.
Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына, Инфрақұрылымдық даму қорына түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органға төлеушiлерден төлеу орны бойынша төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесi қоса берiле отырып, жазбаша өтiнiш берiледі.
Төлеуші – заңды тұлғаны, жеке тұлғаны (дара кәсіпкерді) қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) өтiнiш берушiнiң атауы (заңды тұлғалар, құрылымдық бөлiмшелер, филиалдар үшiн) немесе тегi, аты мен әкесiнiң аты (жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлерi, адвокаттар және нотариустар үшiн);
2) жеке сәйкестендіру нөмірі/банктік сәйкестендіру нөмірі (бейрезидент болған жағдайда көрсетеді), банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды (олар болған кезде);
3) өтiнiш берушiнiң мекенжайы;
4) жеке куәлiктiң, паспорттың немесе оларды алмастыратын құжаттың нөмiрi және кiмнiң бергенi (жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлерi, адвокаттар және жеке нотариустар үшiн);
5) уәкiлеттi органдар әкiмшiлiк ететiн түсiмдер бойынша артық (қате) төленген сома пайда болғандардың атауы;
6) қайтаруға және (немесе) есептеуге жататын сома;
7) есептеген жағдайда – бюджеттiк сыныптама коды, артық (қате) төленген сома есептелетiн бюджет түсiмдерiнiң атауы, банктік сәйкестендіру нөмірі және мемлекеттік кірістер органының атауы;
8) бюджетке төленетiн төлем туралы төлем құжаттарының деректемелері – төлем құжатының нөмiрi және күнi;
9) бюджетке iс жүзiнде енгiзiлген сома;
10) банктiк шотқа қайтарған жағдайда – банктiк шотты алушының нөмiрi және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiң немесе ұйымның атауы, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды.
165. Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына, Инфрақұрылымдық даму қорына, түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қорытындыны осы Рәсідердің 68-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш данада жасайды.
Бір данасын түсімдерді қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін мемлекеттік кірістер органына мынадай мерзімдерде:
төлеушіден есепке жатқызуға өтінім түскен күннен бастап төрт жұмыс күнінен кешіктірмей;
төлеушіден қайтаруға өтінім түскен күннен бастап сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Қорытындының екінші данасы төлеушіге жіберіледі, үшінші данасы уәкілетті органда қалады.
Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына, Инфрақұрылымдық даму қорына, түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға қорытынды жасаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын, қорытындыда қамтылған деректердің шынайылығын қамтамасыз етеді және оларды сақталмағаны/сәйкессіздігі үшін жауап береді.
Қорытындыларды уәкілетті орган осы Рәсідердің 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға төлем құжаттарын тіркеу журналына тіркейді.";
167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"167. Мемлекеттік кірістер органы бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына, Инфрақұрылымдық даму қорына түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органнан ол әкімшілік ететін түсімдер сомасын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытынды алған кезде бес жұмыс күні ішінде төлем тапсырмасын жасайды және мемлекеттік қазынашылық органына ұсынады ("Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша).
Төлем тапсырмаларын мемлекеттік кірістер органы осы Рәсімдерге 70-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және/(немесе) есептеуге арналған төлем тапсырмаларын тіркеу журналында тіркейді.
Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына, Инфрақұрылымдық даму қорына түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган түсімдерінің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытындыны мемлекеттік кірістер органы осы Рәсімдерге 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша. Мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік етпейтін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтару және (немесе) есептеу қорытындысын тіркеу журналында тіркейді.";
183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"183. Мемлекеттік мекеме мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервтерінен қаражат бөлу;
2) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және/немесе Арнаулы мемлекеттік қордың және/немесе Инфрақұрылымдық даму қордың, қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған жобаларды іске асыру шеңберінде азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша қаржыландыру көзі өзгерген жағдайларды қоспағанда, міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспары шегінде бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде шарт және/немесе қосымша келісім жасасады. Бұл ретте, негізгі шартты тіркеусіз Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және/немесе Арнаулы мемлекеттік қордың және/немесе Инфрақұрылымдық даму қордың қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған жобаларды іске асыру шеңберінде азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша қосымша келісімдер мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркеуге жатады.
Қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінімге осы Рәсімдердің 209-тармағына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және/немесе Арнаулы мемлекеттік қордың және/немесе Инфрақұрылымдық даму қордың қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған шарт бойынша төленген міндеттемелердің сомасы қосымша көрсетілетін түсіндірме жазба қоса беріледі.
Бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылған жобаларды іске асыру шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қордан және/немесе Инфрақұрылымдық даму қордан қаражат бөлінген жағдайда, қосымша келісім мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркеусіз жасалады.
Мемлекеттік мекеме бір ақша алушымен бірнеше бюджеттік кіші бағдарлама немесе шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша шарт жасасқан кезде шартта әрбір бюджеттік кіші бағдарлама немесе шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша бөле отырып, жалпы сомасын көрсетеді.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын шарт жасасқан кезде мемлекеттік мекеме жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген мөлшерде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жыл сайынғы сомалары бар бюджеттік кіші бағдарламаларды міндетті түрде көрсетуді қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 183-1-тармақпен толықтырсын:
"183-1. Бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылған жобаларды іске асыру шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қордан және/немесе Инфрақұрылымдық даму қорынан қаражат бөлінген кезде алдыңғы тапсырыстарды (хабарламаларды) жабу (жою) қаржыландыру көзін өзгертуге арналған қосымша келісімнің күні мен нөмірін, сондай-ақ шартты тіркеу туралы хабарламаның нөмірін, күнін, сомасын және сома қалдығын көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің хаты негізінде жүргізіледі. Хатқа қосымша күшіне енген қаржыландыру көзін өзгертуге арналған қосымша келісімнің көшірмесі және Республикалық бюджет комиссиясының тиісті шешімі ұсынылады.";
209-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"209. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін өтінімдерді қағаз тасығышта жүргізу кезінде мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерге 77-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге өтінімдер тізілімін және шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасы мен көшірмесін қоса бере отырып, екі данада азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді ұсынады, бұл ретте тізілімнің, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімнің бір данасы және тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз тасығыштағы көшірмесі мемлекеттік қазынашылық органында қалады.
Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін өтінімдер "Қазынашылық-клиент" ЦЖ арқылы берілген кезде өтінімдер тізілімдері ұсынылмайды.
Ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты немесе қосымша келісімді (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында (бұдан әрі – № 59 қағидалар) белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалалау-сметалық құжаттаманы түзету нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасы ұлғайған жағдайда) тіркеу үшін мемлекеттік мекеме, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай құжаттардың бірінің: жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарттың құнына енген жағдайда жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының немесе техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша шарттардың көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді қағаз тасығышта ұсынады. Сондай-ақ қосымша: техникалық-экономикалық негіздемені немесе Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 162 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38411 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту қағидаларында (бұдан әрі – № 162 қағидалар) белгіленген тәртіппен жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту/қайта бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі. Бұл ретте, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу кезеңінде жүзеге асырылады.
Астанада жылу электр орталықтарын салуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттарды (қосымша келісімді) тіркеу үшін, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге аванстық (алдын ала) төлем көзделген сатып алынатын күрделі энергетикалық жабдықтың құны туралы мәліметтерді көрсете отырып, қосымша түсіндірме жазба қоса беріледі.
"Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған, осы тармақта санамаланған құжаттардың сканерленген түпнұсқаларын тіркей отырып, өтінім қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалуы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған шарттарға азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім мемлекеттік қазынашылық органдарына "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИЦЖ-дан мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (қосымша келісімнің) деректерін беру жолымен "Қазынашылық-клиент" ЦЖ арқылы ұсынылады.
"Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИЦЖ-да жасалған Ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты немесе қосымша келісімді (№ 59 қағидаларда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасы ұлғайған жағдайда) тіркеу үшін мемлекеттік мекеме "Қазынашылық-клиент" ЦЖ арқылы мемлекеттік қазынашылық органына, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай құжаттардың бірінің: жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарттың құнына енген объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының немесе техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша шарттардың сканерленген түпнұсқасын қоса бере отырып, "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИЦЖ-дан мемлекеттік сатып алу туралы шарттың деректерін беру жолымен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді береді. Оған қоса: № 162 қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту/қайта бекіту туралы бұйрықтың сканерленген түпнұсқасы. Бұл ретте, осы тармақтың жетінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу кезеңінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, Түркістан қаласында объектілер салу бойынша, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға қарсы иммунобиологиялық препараттар шығару бойынша биофармацевтикалық зауыт салу бойынша "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИЦЖ-да жасалған шарттарды тіркеу жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын немесе техникалық-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын кезең-кезеңімен алу негізінде экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың түпкілікті оң қорытындысын немесе құрылыс объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған кезде шарттардың жалпы құнын кейіннен түзете отырыпжүзеге асырылады.
Жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысынан немесе техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысынан, № 304 қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту/қайта бекіту туралы бұйрықтан және міндеттемені тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері мен күндері, шарт талаптарының өзгеру себебі және шарт сомасы көрсетілетін (өзгерген жағдайда) мемлекеттік мекеменің түсіндірме жазбасынан (қосымша келісім тіркелген жағдайда) басқа "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИЦЖ арқылы келіп түскен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімдерге осы тармақта аталған құжаттардың сканерленген түпнұсқаларын бекіту талап етілмейді.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар қолданылмайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары (қосымша келісімдері) бойынша міндеттемелерді қабылдау үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын/қосымша келісімін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (сканерленген түпнұсқасын) ұсынады.
Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің шешімдеріне сәйкес міндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органдарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің) тиісті шешімдерінің көшірмелерін (мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойған сканерленген түпнұсқаны тіркейді) қосымша ұсынады.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шарттары (қосымша келісімдері) және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша міндеттемелерді қабылдау үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер шартын/қосымша келісімін тіркеу куәліктің көшірмесін (сканерленген түпнұсқасын) қосымша ұсынады.";
228-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан әрі мынадай бағыттар: тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу, дәрілік заттарды, киім-кешек пен отынды сатып алу жөніндегі қызметтер (ғимараттарды жылыту бөлігінде), коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, көлік қызметтері, іссапар және қызметтік сапарлар, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханадағы орындармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер, студенттердің жеңілдікпен жол жүруіне өтемақы төлеу жөніндегі қызметтер, атқару құжаттары мен сот актілерін орындау, "Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 744 қаулысымен айқындалған Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор тартқан мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Құрылтайының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бойынша шығыстар жүргізіледі.";
230-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"230. Мемлекеттік мекеме мыналарды:
1) құжаттарды қағаз және (немесе) электрондық тасығышта ұсынған кезде мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету кестесiнiң сақталуын;
2) төлеуге берiлетiн шотты ұсыну заңдылығы мен негiздiлiгiн;
3) төлеуге берілетін шоттағы көрсетілген деректемелердің және төлеуге берілетін шоттағы сомалардың және растайтын құжаттардың анықтығын;
4) төлемдерді ақша алушылардың пайдасына жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың уақтылығы мен толықтығын;
5) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде мердігерге ақы төлеуді;
6) жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығын;
7) растайтын құжаттардың дұрыстығын;
8) Мемлекеттік қазынашылық органына тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – электрондық шот-фактураны немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжатты (актіні) немесе лизингтік төлемдерді өтеу кестесін (тауарды лизингке сатып алған жағдайда), жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде – орындалған жұмыстардың немесе актілер жасалмайтын көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, көрсетілген қызметтердің актісін (бұдан әрі – растаушы құжаттар), тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, төлем жүргізген кезде беруді.
Растайтын құжаттарға өнім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Бұл ретте, осы Рәсімдердің 2-тармағына сәйкес қағаз тасығышта ұсынылатын растайтын құжаттардың көшірмелері орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады;
9) Салық кодексінің талаптарына сәйкес жазылған электрондық шот-фактураны алған кезде электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінен "Қазынашылық-клиент" ЦЖ-ға интеграциялау арқылы төлем шотын қалыптастыру;
10) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстық төлемнен кейінгі төлем жүргізу кезінде жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының немесе техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін немесе сканерленген түрін ұсынуды;
11) "Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша қызмет көрсету кезінде заңды тұлғаның құжат топтамасында берген орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және орталық атқарушы органның бухгалтерлік қызмет басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның немесе мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен дұрыстығын;
12) Арнаулы мемлекеттік қор және/немесе Инфрақұрылымдық даму қоры есебінен қаржыландырылған жобаларды іске асыру кезінде бұрын төленген авансқа барабар ұстауды;
13) төлеуге берiлетiн шоттың бiрiншi данасының деректемелерi қағаз тасығышта төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасының деректемелерiне сәйкес келмеген қамтамасыз етеді.";
231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"231. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мемлекеттік мекеменің төлеуге берілетін шоттарын қалыптастыруын және мемлекеттік қазынашылық органының:
1) бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша;
3) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемеге олардың қайтарылуы не, белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аударылуы шарттарында берілетін ақша;
4) мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алатын қайырымдылық көмектен түскен ақша;
5) ақша түсімдерін есептеу және жәбірленушілерге өтемақы төлеуді жүргізу үшін жәбірленушілерге өтемақы қорының;
6) Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын қаржыландыру мақсатында ақшаны жұмсауға арналған арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты, сондай-ақ заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстары есебінен жүргізуін қамтиды;
7) Инфрақұрылымдық даму қордың қаражаты жүргізуін қамтиды.";
238-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "Қаржыландыру көзі" жолында қаражат есебінен төлем және ақша аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзінің түрін білдіретін таңба көрсетіледі:
1 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;
2 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражаты есебінен;
3 – мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен;
4 – қайырымдылық көмектен түскен ақша есебінен;
5 – жеке және (немесе) заңды тұлғалар мемлекеттік мекемеге қайтару шарттарында беретін ақша есебінен;
8 – ерекше шығыстар есебінен;
S – Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен;
6) "Бюджет түрі" ашық жолағында қаражатының есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін белгі көрсетіледі:
01 – республикалық бюджет;
02 – облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) бюджет;
03 – аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;
06 – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті;
Н - Инфрақұрылымдық даму қор қаражаты есебінен;";
мынадай мазмұндағы 255-1 және 255-2-тармақтармен толықтырсын:
"255-1. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 2 "Сыйлықақы төлеу", 3 "Ағымдағы трансферттер", 5 "Бюджеттік кредиттер", 7 "Қарыздарды өтеу" сыныптары, 440 "Нысаналы даму трансферттері", 450 "Шетелге берілетін күрделі трансферттер", 620 "Елден тысқары жерлерден қаржы активтерін сатып алу" кішісыныптары және 167 "Ерекше шығыстар" және 611 "Заңды тұлғалардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын сатып алу" ерекшеліктері бойынша төлемдер жүргізуді мемлекеттік мекемелер төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырады.
255-2. Мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдарындағы орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру бойынша білім беру саласындағы пилоттық жоба шеңберінде төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу "Мемлекеттік мүлік тізілімі" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – "Мемлекеттік мүлік тізілімі" ЦЖ) қалыптастырылған және "Қазынашылық-клиент" ЦЖ-да интеграцияланған төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырылады.";
259-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"259. Заңды тұлғаларға трансферттер аударуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырады.
Аванстық (алдын ала) төлем сомасын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін төлемдер жүргізген кезде мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына төлеуге берілетін шотты және қосымша шот-фактураны немесе мемлекеттік мекемеге мемлекеттік кәсіпорын ұсынған тауарларды жеткізу туралы жүкқұжатты ұсынады (көрсетілетін қызметтерді, тауарлар мен жұмыстарды беруші бейрезидент болып табылған жағдайда растайтын құжаттарда соманы шетел валютасында, бірақ төлеуге берілетін шоттың төлем мақсатында опреацияны жасау кезіндегі валютаның теңгедегі бағамын көрсетіп рұқсат беріледі).
Аванстық (алдын ала) төлем сомасын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша, мемлекеттік кәсіпорындар қайта жасасқан және бұрын жасасқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтіру және күрделі жөндеу жүргізу үшін төлем жүргізген кезде мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына мемлекеттік мекемеге мемлекеттік кәсіпорын ұсынған төлеуге берілетін шот пен қосымша орындалған жұмыс актісін береді.
Аванстық (алдын ала) төлемді қоспағанда, қағаз тасығышта төлем жүргізген кезде төлеуге берілетін шотқа осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал олар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедерімен парақтап куәландырылған растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
"Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша қызмет көрсету кезінде аванстық (алдын ала) төлемді қоспағанда, төлеуге берілетін шотқа осы тармақта көрсетілмеген, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал олар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және орталық атқарушы органның бухгалтерлік қызметі басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның немесе мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған растайтын құжаттардың түпнұсқадан сканерленген үлгісі қоса беріледі.
"Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша қызмет көрсету кезінде аванстық (алдын ала) төлемді қоспағанда, төлеуге берілетін шотқа осы тармақта көрсетілмеген, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал олар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және орталық атқарушы органның бухгалтерлік қызметі басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның немесе мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған растайтын құжаттардың түпнұсқадан сканерленген үлгісі қоса беріледі.";
313-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Трансферттерді аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлем мақсатын көрсету үшін 02 "Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер" сыныбының 5-санатының Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының түсімдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді әрбір аудару бойынша төлеуге берілетін шоттар көшірмесін тиісті төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне жеткізе отырып, төлеуге берілетін шот негізінде жүргізеді.";
315-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Трансферттерді аударуды төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлем мақсатын көрсету үшін 01 "Мемлекеттік басқарудың төмен тұрған органдарынан түсетін трансферттер" сыныбының 5-санатының Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы түсімдерінің кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді әрбір аудару бойынша төлеуге берілетін шоттар көшірмесін тиісті төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне жеткізе отырып, төлеуге берілетін шот негізінде жүргізеді.";
397-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"397. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік қазынашылық органына:
1) жарғылық капиталды ұлғайту/қалыптастыру кезінде – бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның куәлігін не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аудару кезіндегі басқару органдарының тиісті шешімін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысы қоса берілген қаржы-экономикалық негіздемесін;
2) аванстық төлем сомасын қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде шот-фактураны электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінен интеграцияланған немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжатты (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттың өзге де түрін ұсынады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бұрын бөлінген қаражат есебінен шығыстарды және/немесе тартылған қарыз қаражатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан өтеу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік қазынашылық органына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шығыстарды өтеу жөніндегі қаулысының көшірмесін және қосымша, қарыз қаражатын тартқан кезде - кредиттік шарттың көшірмесін ұсынады.
Инвестициялық жобаны іске асыру кезінде қаржы-экономикалық негіздемеге және квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттың болуына сәйкес шарт сомасынан:
барлық инвестициялық жобалар бойынша – отыз пайыздан аспайтын мөлшерде;
жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша – елу пайыздан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлеуге жол беріледі.
Астық сатып алуды жүзеге асыру кезінде астық нарығы жөніндегі оператордың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді көктемгі-жазғы қаржыландыруға аванстық (алдын ала) төлемді аударуы жасалған шарт сомасынның жетпіс пайыздан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
Қалған соманы аудару шот-фактура негізінде жасалған қосымша келісімге сәйкес астықты күзгі сатып алғаннан кейін жүргізіледі ("Қазынашылық-клиент" ЦЖ-да төлем тапсырмасы электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінен интеграцияланған электрондық шот-фактура негізінде қалыптастырылады);
3) аванстық төлем сомасын қоспағанда, мемлекеттік тапсырманы орындау кезінде электрондық шот-фактура электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінен интеграцияланған немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттың өзге де түрін ұсынады.
Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік тапсырманы орындау және мемлекеттік тапсырманың мақсатына қол жеткізу кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің келісімімен жасалған шарттың талаптарына сәйкес осы қаражатты Ұлттық пошта операторындағы және (немесе) екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына орналастыруына шоттарда орналастыруды қоспағанда, мемлекеттік қазынашылық органындағы өзінің қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражаттың қалдықтарын екінші деңгейдегі банктегі өзінің есеп шотына аударады;
4) бюджет қаражатын үнемдеу түрінде олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша қалыптасқан қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы пайдаланылмаған қалдықтарды бюджетке қайтару кезінде – төлем тапсырмасы және мемлекеттік мүлік туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңдарға сәйкес қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті басқару органының (құрылтайшысының) шешімін;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражатты тиісті бюджеттің кірісіне аудару кезінде – төлем тапсырмасын ұсынады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге төлемдер жүргізу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік қазынашылық органына төлем тапсырмасын ("Қазынашылық-клиент" ЦЖ-да қалыптастырады) ұсынады.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан төлемдер жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор мемлекеттік қазынашылық органына төлем тапсырмасын ("Қазынашылық-клиент" ЦЖ-да қалыптастырады) ұсынады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:
1) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігін;
2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарындағы орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру бойынша білім беру саласындағы пилоттық жоба шеңберінде төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу "Мемлекеттік мүлік тізілімі" ЦЖ-да қалыптастырылған және "Қазынашылық-клиент" ЦЖ-да интеграцияланған төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.";
460-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"460. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың төлемдері мен ақша аударымдары № 208 Қаулымен белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негізінде ұлттық валютадағы мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарындағы және ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.
Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың төлемдері мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес авансты қамтамасыз ету шартымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шарт сомасының отыз пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Аванстық (алдын ала) төлемді жүргізу үшін "Төлем мақсаты" жолында қосымша мынадай мәтін көрсетіледі: "____ № ____ шарт сомасының ___ пайызы мөлшеріндегі аванстық (алдын ала) төлем".";
461-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"461. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар Бюджет кодексінің 41-бабының 14-тармағына сәйкес:
1) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігін;
2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің анықтығын;
3) төлемдерді ақша алушының пайдасына жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың уақтылығы мен толықтығын;
4) жасалған операциялардың анықтығын;
5) мемлекеттік қазынашылық органдарына, аванс төлемінің сомасынан тыс, төлемнің негізділігін растайтын құжаттар мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарындағы және қызмет көрсету шоттарындағы қалдықтар шегінде ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болып табылады.
"Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген үлгісі бекітіледі.
Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар "Қазынашылық-клиент" ЦЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасының дұрыстығын қамтамасыз етеді.";
көрсетілген Рәсімдерге 44-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
М. Такиев |
_________________________________________________________________
(мемлекеттік қазынашылыққа/мемлекеттік қазынашылық органына)
_______________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі/мемлекеттік қазынашылық органы)
______жылғы "__"__________ мемлекеттік мекемелерге код беруге арналған өтінім
Мемлекеттік мекеменің атауы | Ведомстволық тиістілік коды (Мемлекеттік жоспарлау цифрық жүйесінің "Нормативтік-анықтамалық ақпарат" модулінде қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес) | Бюджет түрі | Мемлекеттік кірістер органдарының коды (салық түсімдерін есепке алатын өңір) | Экономика секторы | Мемлекеттік мекеме басшысының Тегі,аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінің Тегі,аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Мемлекеттік мекеме Бизнес –сәйкестендіру № | Мемлекеттік тіркелімге енген мемлекеттік мекеменің заңды мекенжайы, телефоны, факсі | Негіздеме (мемлекеттік мекеме құрылуына негіз болған нормативтік құқықтық акт) | Құқықтық мирасқор |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің (мемлекеттік қазынашылық органының)
басшысы
______ ___________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мөр орны