Абай облысы Семей қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 114 бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 21 шілдедегі № 38/256-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 15-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Семей қаласының көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Семей қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 480 қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 56/300-VIII шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 30 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Семей қаласындағы келесі көшелер:

      1 линия көшесі – Қабыш Омаров көшесі;

      2 линия көшесі – Төлеуғали Әбдібеков көшесі;

      3 линия көшесі – Қойгелді Аухадиев көшесі;

      5 линия көшесі – Кәмен Оразалин көшесі;

      6 линия көшесі – Мұқатай Әбеулов көшесі;

      7 линия көшесі – Бейсен Жұмагелдин көшесі;

      8 линия көшесі – Төкен Мұртазин көшесі;

      9 линия көшесі – Фазыл Әділбаев көшесі;

      10 линия көшесі – Қабдрахман Самаев көшесі;

      11 линия көшесі – Мұхтарбек Кәкімов көшесі;

      12 линия көшесі – Махмет Қайырбаев көшесі;

      13 линия көшесі – Риза Оспанов көшесі;

      14 линия көшесі – Манеф Қуандықов көшесі;

      15 линия көшесі – Қанат Смағұл көшесі;

      16 линия көшесі – Дінсләм Арғынбекұлы көшесі;

      17 линия көшесі – Асылхан Бекбаев көшесі;

      18 линия көшесі – Зекен Әділбеков көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Абай облысы әкімдігінің қаулысы мен Абай облысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі _____________ Б. Уәли
      Абай облысы мәслихатының төрағасы _____________ Ш. Байбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады