Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 124-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.";
7-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі (негіздердің бірі бойынша):
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) және бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
8-тармақтың 6), 7), 8) тармақшалары алынып тасталынсын.
13-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі:
дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат.";
23-тармақ келесі редакцияда толықтырылсын:
"Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.";
24-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілгенде;";
"29" деген сан "27" деген санмен ауыстырылсын;
30-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үржар аудандық мәслихатының төрағасы | А. Омаров |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы ________________А.Нұрлыбек 2026 жылғы "___"___________ |