Абай облысы Үржар ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 қазандағы № 40-774/VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 577-бабына, 581-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттары №1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Үржар ауданында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері №2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Салық есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен болып, Үржар ауылы белгіленсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Үржар аудандық мәслихатының төрағасы А. Омаров

  Үржар аудандық мәслихатының
2026 жылғы 09 қазандағы
№ 40-774/VIII шешіміне
№1 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

№

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаттар

1

Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар

1 санат

2

Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттардың ішіне салынған автотұрақтар

2 санат

3

Ғимараттардың астында орналасқан жерасты, жертөле, цокольдық немесе төменгі жерүсті қабаттардағы автотұрақтар

3 санат

  Үржар аудандық мәслихатының
2026 жылғы 09 қазандағы
№ 40-774/VIII шешіміне
№2 қосымша

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

№

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Салық Кодексімен белгіленген базалық салық мөлшерлемелері

Белгіленген базалық салық мөлшерлемелері

1

1 санат

 
0,48

 
10 (он)

2

2 санат

 
0,48

 
9 (тоғыз)

3

3 санат

 
0,48

 
8 (сегіз)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады