2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, сондай-ақ "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған бір қызмет алушыға шаққандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің жан басына шаққандағы тарифі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
  2026 жылғы "13 " 01
  № 2 қаулысына қосымша

2026 жылға арналған бір қызмет алушыға шаққандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің жан басына шаққандағы тарифі

Мекемелердің түрлері

Қызмет алушылардың санаттары

Тариф (бір қызмет алушыға күніне, теңгемен)

1.

Стационарлық үлгідегі ұйымдар

Мүгедектігі бар ересектер және егде жастағы азаматтар

Қала

13401

Ауыл

19917

Психоневрологиялық патологиясы бар ересек адамдар

Қала

11057

Ауыл

13047

Психоневрологиялық патологиясы бар балалар

Қала

27386

Ауыл

2.

Жартылай стационарлық үлгідегі мемлекеттік ұйымдар

Мүгедектігі бар ересектер мен егде жастағы азаматтар

Қала

20746

Ауыл

Психоневрологиялық патологиялары бар балалар

Қала

16248

Ауыл

26339

3.

Жартылай стационарлық мемлекеттік емес ұйымдар

Психоневрологиялық патологиялары бар балалар

Қала

12689

Ауыл

13567

4.

Уақытша болу ұйымдары (тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары)


Қала

12066

Ауыл

14375

5.

Уақытша болу ұйымдары (адам саудасының құрбандары)

Қала

9324

Ауыл

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады