2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы: осы кәсіптік стандарт "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес және "Психологиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабына сәйкес әзірленді және мыналар үшін қолданылады:
психологиялық қызметтің бағыттары мен оның қолданылу салаларын көрсететін психологтардың кәсіби даярлығының мазмұны мен деңгейлеріне бірыңғай талаптарды белгілеу, сондай-ақ психологиялық көмек әдістерін қолдану үшін қажетті құзыреттіліктерді сипаттау;
психологқа қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу, олардың біліктілігіне, құзыреттіліктеріне және кәсіби даярлығына сәйкестігін бағалау;
психологты даярлау және біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
психологиялық қызмет саласында психологтардың біліктілігін растау және сертификаттау;
білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында, сондай-ақ жеке психологиялық практика тәртібімен психологиялық қызметті жүзеге асыратын психологтарды оқыту мен супервизияға қойылатын талаптарды қалыптастыру үшін қолданылады.
Осы кәсіптік стандарт денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін мамандандырылған медициналық көмек көрсету саласындағы қатынастарға және "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін психологиялық көмекке қолданылмайды.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) ақпараттандырылған келісім – психологиялық көмек алушының немесе оның заңды өкілінің психологиялық көмек алуға жазбаша келісімі;
2) жеке түзету бағдарламасы – бұзушылық құрылымын және баланың таяу арадағы даму аймағын ескере отырып, нақты баламен түзету-дамыту жұмысының мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын және жүргізілу ретін айқындайтын құжат;
3) кәсіптік құпия – психолог психологиялық қызмет процесінде алған, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, психологиялық көмек алушының жазбаша келісімінсіз жария етуге болмайтын ақпарат;
4) копинг-стратегия – адам стреспен, мазасыздықпен және өмірдегі қиын жағдайлармен күресу үшін қолданатын саналы түрдегі іс-әрекеттері, ойлары мен эмоциялары;
6) психологтың супервизиясы – психологты кәсіби қолдаудың психологиялық қызметтің сапасын қамтамасыз етуге, құзыреттерді дамытуға бағытталған нысаны;
7) психологиялық саламаттылық – жеке тұлғаның психоэмоционалдық күйінің тұрақтылығы мен қиын өмірлік жағдайларды жеңе білу қабілеті қамтамасыз етілген жағдайы;
8) психологиялық көмек алушы – психологиялық көмек көрсетілетін жеке тұлға, отбасы немесе тұлғалар тобы; осы кәсіптік стандартта осы терминмен қатар "клиент" термині қолданылады, ол психологиялық көмек алушыны да, ал егер сөз компания немесе кәсіпорын шеңберінде адамдар тобымен жұмыс істеу туралы болса, оның тапсырыс берушісін де білдіруі мүмкін;
9) психологиялық оңалту және абилитациялау – мүмкіндігі шектеулі тұлғаның жоғалған немесе жетіспейтін психологиялық функцияларын, әлеуметтік-тұрмыстық және коммуникативтік дағдыларын қалпына келтіруге (оңалтуға) немесе алғаш рет қалыптастыруға (абилитациялауға) бағытталған іс-шаралар кешені;
10) психологиялық түзету (түзету жұмыстары) – психологиялық көмек алушының психикалық дамуындағы, мінез-құлқындағы және эмоционалды-ерік-жігер саласындағы кемшіліктерді түзетуге немесе жұмсартуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
11) сэйфгардинг – адамның құқықтарын, өмірін, денсаулығын және әл-ауқатын кез келген түрдегі зорлық-зомбылықтан, қатыгездіктен, кемсітуден, пайдаланудан және елеусіз қараудан қорғауға бағытталған шаралардың, ережелер мен тәжірибелердің кешенді жүйесі.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
11) ХФК – халықаралық функциялар, тіршілік әрекетінің шектелуі және денсаулық классификациясы;
12) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.
4. Кәсіптік стандарттың атауы: Психологтың кәсіптік стандарты.
5. Кәсіптік стандарттың коды:
6. ЭҚЖЖ-ге секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету:
74.9 – басқа топтамаларға енгізілмеген кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
74.90 – басқа топтамаларға енгізілмеген кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
74.90.9 – басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
85.59.9 – басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет
96.09 – басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
96.09.0 – басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну.
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Кәсіптік стандарт "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес және "Психологиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы негізінде әзірленді.
8. Кәсіптер карточкаларының тізімі:
4) спорттық психолог – 6-СБШ деңгейі.
9. "Бала психологы" кәсібінің карточкасы:
|
Топтың коды:
|
2634-1
|
|
|
Қызмет атауының коды:
|
2634-1-006
|
|
|
Кәсіптің атауы:
|
Бала психологы
|
|
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
6
|
|
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
|
|
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
|
|
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Педагогика және психология
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Әлеуметтік ғылымдар
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Денсаулық сақтау
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Педагогика және психология
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Әлеуметтік ғылымдар
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Денсаулық сақтау
|
Біліктілік:
-
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
Тәжірибесіз, психология немесе психиатрия саласында жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда.
|
Формалды емес және информалды біліммен байланыс:
|
Кәсіби қауымдастықтар мен салалық бірлестіктерде оқыту
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Жас ерекшеліктерін, жеке сипаттарын және отбасылық контекстін ескере отырып, қолжетімді, білікті және этикалық психологиялық көмек көрсету арқылы балалар мен жасөспірімдердің (3 жастан 18 жасқа дейін) психологиялық әл-ауқатына, дамуына және әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жәрдемдесу, сондай-ақ маңызды ересектерді (ата-аналарды, заңды өкілдерді) баланы түсіну, даму және сындарлы қарым-қатынас мәселелері бойынша қолдау көрсету.
|
Еңбек функциялардың сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Ата-аналарды (немесе заңды өкілдерді) алғашқы кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу;
2. Балалардың даму деңгейін психологиялық диагностикалау;
3. Алынған нәтижелерді талдау және интерпретациялау.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
1. Кәсіби даму
|
Еңбек функциясы 1:
Ата-аналарды (немесе заңды өкілдерді) алғашқы кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу
|
|
|
Дағды 1:
Ата-аналарға (немесе заңды өкілдерге) өзара іс-қимылдың жауапкершілігін, мақсаттарын, форматын, ережелері мен шекараларын түсіндіру.
|
Машықтар:
1. Психологтың кәсіби жауапкершілігі мен құзыреттілік шекараларын түсіндіру үшін қолжетімді, түсінікті тұжырымдарды пайдалану.
2. Жұмыстың ықтимал форматын және әр тараптың жауапкершілік деңгейін сипаттау және түсіндіру.
3. Ата-аналармен (немесе заңды өкілдермен) сенімді байланыс орнату.
4. Қажетті құзыреттіліктер болмаған жағдайда негізделген бас тартуды тұжырымдау.
|
Білімі:
1. Жас психологиясы.
2. Позитивті психология негіздері.
3. Гуманистік психология негіздері.
4. Психолог қызметінің этикалық нормалары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Психологиялық көмек көрсету шарттарын келісу және рәсімдеу
|
Машықтар:
1. Психологиялық көмек көрсетуге арналған сұранысты талдау, нақтылау және жүйелеу.
2. Екіжақты міндеттемелерді орындау бойынша шарттың барлық шарттарын тұжырымдау және түсіндіру.
3. Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижесін бағалау және ата-аналармен (немесе заңды өкілдермен) талқылау.
4. Төлем нысандарын және мерзімдерін, кездесулердің өткізу форматын және жиілігін келісу және бекіту.
5. Жұмыс процесінде баладан алынған ақпараттың құпиялылық шарттарын ата-аналардың (заңды өкілдердің) назарына жеткізу және шартта бекіту.
6. ҚР заңнамасы белгілеген шеңберде құпиялылықты сақтау.
|
Білімдер:
1. Балалардың, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері саласындағы нормативтік-құқықтық актілер.
2. Жеке шарттың құрылымы мен мазмұны.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2:
Балалардың даму деңгейін психологиялық диагностикалау
|
|
|
Дағды 1:
Диагностика жүргізу
|
Машықтар:
1. Диагностика процесінде баламен байланыс орнату және оны сақтау.
2. Әдістемелерге берілген нұсқаулықтарды түсінікті, қолжетімді түрде түсіндіру және түсінгенін тексеру.
3. Тапсырмаларды орындау кезіндегі баланың психологиялық реакцияларын тіркеу және нәтижелерді талдау кезінде ескеру.
4. Диагностика мен бақылау нәтижесінде алынған деректерді жинақтау, жүйелеу және талдау.
5. Тест деректерін дұрыс түсіндіру.
6. Сенімді, жарамды және ғылыми негізделген әдістемелерді қолдану.
|
Білімі:
1. Жасына байланысты байланыс орнату техникалары.
2. Қолданылатын әдістемелерді интерпретациялау, нұсқаулықтардың типтік бұрмалануы.
3. Психологиялық реакциялардың категориялары (эмоционалдық, мінез-құлықтық, мотивациялық, когнитивті, денелік).
4. Дамудың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін әдістемелер.
5. Әртүрлі жас топтарымен жұмыс істеудегі этикалық нормалар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Диагностикалық құралдарды таңдау және бейімдеу
|
Машықтар:
1. Диагностика жүргізу процедурасын ұйымдастыру.
2. Алғашқы сұранысты талдау және оны диагностика тапсырмаларына айналдыру.
3. Баланың жетекші іс-әрекет түрін және жақын даму аймағын анықтау.
4. Өзекті даму аймағының мазмұнын анықтау және ата-аналардың назарына ұсыну.
5. Тиісті тапсырмаға сәйкес диагностикалық құралдарды іріктеу және бейімдеу (кемінде 3).
|
Білімдер:
1. Диагностика әдістері.
2. Диагностика құралдары.
3. Дамудың әлеуметтік-мәдени теориясы.
4. Когнитивтік даму кезеңі.
5. Тұлғаның психоәлеуметтік даму кезеңдері.
6. Бауыр басу теориясы және түрлері.
7. баланың дамуы туралы жалпы білім (қимыл-қозғалыс, сөйлеу, әлеуметтік даму).
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 3:
Алынған нәтижелерді талдау және интерпретациялау
|
|
|
Дағды 1:
Мәліметтерді жүйелеу және өңдеу
|
Машықтар:
1. Сапалық және сандық деректерді құрылымдау.
2. Баланың мінез-құлқындағы, эмоционалды реакцияларындағы және айтқан сөздеріндегі қайталанатын паттерндерді анықтау.
3. Деректерді жас ерекшеліктеріне сәйкес даму нормаларымен салыстыру.
4. Ата-аналарға немесе заңды өкілдерге субъективті көрсеткіштердің нормадан айырмашылығын ұсыну.
|
Білімі:
1. Валидті және ғылыми тұрғыдан сенімді әдістемелер.
2. Қолданылатын әдістемелердің деректерін интерпретациялау.
3. Диагностика тапсырмасына байланысты әдістемелерді қолданудың өзара байланысы мен жүйелілігі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Практикалық ұсынымдарды әзірлеу және тұжырымдау
|
Машықтар:
1. Деректерді талдау негізінде қорытынды тұжырымдау.
2. Ата-аналарға немесе заңды өкілдеріне баланың одан әрі дамуына қатысты нақты әрі іс жүзінде асыруға болатын ұсынымдарды тұжырымдау және түсіндіру.
3. Баланың жақын даму аймағына сәйкес келетін дамыту жұмысының нысаналы бағдарларын және оларға қол жеткізу критерийлерін анықтау, кейіннен бұл критерийлерді ата-аналарға түсінікті түрде жеткізу.
|
Білімі:
1. Бала мен ата-ана қарым-қатынасының психологиясы.
2. Әдептік нормалар.
3. Бірлескен мақсат қою әдістемесі.
4. Ата-аналарды немесе заңды өкілдерді ұсыныстарды орындауға ынталандыру тәсілдері.
5. Баланың, отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Қосымша еңбек функциясы 1:
Кәсіби даму
|
|
|
Дағды 1:
Біліктілікті арттыру
|
Машықтар:
1. Әріптестердің тәжірибесін, соның ішінде халықаралық тәжірибені зерделеу.
2. Жаңа валидті әдістемелер мен жұмыс техникаларын талдау, іріктеу және тәжірибеге енгізу.
2. Өз тәжірибесінің нәтижелерін құжаттандыру.
3. Өз тәжірибесін кәсіби алаңдарда тарату.
4. Кәсіби тапшылық аймақтарын анықтау және өз кәсіби дамуына қажетті сұранысты тұжырымдау.
|
Білімдер:
1. Жас психологиясы дамуының өзекті бағыттары.
2. Кәсіби оқытуға арналған ресурстар.
3. Қазақстан Республикасында психологтың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Эмпатия
Эмоциялық тұрақтылық
Жауапкершілік
Әдептілік
Байқағыштық
Объективтілік
Коммуникативтік
Кәсіби әдептілік пен құпиялылықты сақтау
Сезімталдық
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
|
СБШ ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
6
|
Жеке тәжірибесі бар психолог
|
10. "Мамандығы бойынша арнайы психопедагогика психологы" кәсібінің карточкасы:
|
Топтың коды:
|
2634-1
|
Қызмет атауының коды:
|
2634-1-005
|
Кәсіптің атауы:
|
Мамандығы бойынша арнайы психопедагогика психологы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
6
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Педагогика және психология
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Әлеуметтік ғылымдар
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Денсаулық сақтау
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Педагогика және психология
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Әлеуметтік ғылымдар
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Денсаулық сақтау
|
Біліктілік:
-
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
Психология немесе психиатрия саласында жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда, психология немесе психиатрия саласында кемінде үш жыл тәжірибе
|
Формалды емес және информалды біліммен байланыс:
|
Халықаралық білім беру ұйымдарында немесе платформаларында оқу
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Мүмкіндігі шектеулі және дамуында бұзылыстары бар балаларды білім беру ортасы мен қоғам жағдайында табысты бейімделуге, оқытуға, әлеуметтендіруге және тұлғалық әлеуетін барынша іске асыруға бағытталған кешенді психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету
|
Еңбек функциялардың сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Даму бұзылыстарын психологиялық-педагогикалық диагностикалау және түзету.
2. Психологиялық кеңес беру және психопрофилактика.
3. Әлеуметтік-психологиялық оңалту және абилитация.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
Еңбек функциясы 1:
Даму бұзылыстарын психологиялық-педагогикалық диагностикалау және түзету
|
|
|
Дағды 1:
Дамуы бұзылған балаларды психодиагностикалық зерттеуден өткізу
|
Машықтар:
1. Психологиялық байланыс орнату.
2. Диагностикалық құралдарды баланың өзекті психофизикалық жағдайына байланысты таңдау.
3. Сенсорлық, моторлық, когнитивті және коммуникативтік ерекшеліктері бар балалар үшін нұсқаулықтарды, стимул материалын және ұсыну процедурасын бейімдеу.
4. Диагностикалық әңгімені баланың сөйлеу даму деңгейі мен эмоционалдық жағдайын ескере отырып құру.
5. Танымдық саланы, эмоционалды-ерік саласын, жақын арадағы даму аймағын, мотивацияны, әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды және коммуникацияны бағалауды жүргізу.
6. Түзету жұмыстарының негізі ретінде психиканың сақталған буындарын анықтау.
7. Нәтижелерді ата-аналарға немесе заңды өкілдерге қолжетімді, әдістемелік тұрғыдан дұрыс нысанда талдау және ұсыну.
|
Білімдер:
1. Арнайы психология мен даму психологиясының базалық білімдері.
2. Нозологияға байланысты арнайы психология бойынша тереңдетілген білімдер.
3. Диагностикалық құралдар.
4. ХАЖ-10 (11).
5. Кәсіби әдеп.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Баланың кемістік құрылымын ескере отырып және жақын іс-әрекет аймағына бағытталған жеке түзету бағдарламаларын жобалау
|
Машықтар:
1. Алғашқы ақауды анықтау және оны екінші реттік бұзылыстардан ажырату.
2. Жеке түзету маршрутын жобалау.
3. Дидактикалық және стимулдық материалдарды баланың қабылдау деңгейіне бейімдеу.
4. Өзінің құзыреттілігі шеңберінде кешенді түзету іс-шараларын жүргізу.
5. Баланы бейінді мамандарға жолдаған кезде кәсіби өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
6. Баланың түзету-дамыту жұмысына тартылуын қадағалау.
7. Ата-аналар мен заңды өкілдерге жеке түзету маршрутын сүйемелдеу; бойынша олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін түсіндіру.
|
Білімдер:
1. Психикалық дизонтогенездің жүйелі-құрылымдық модельдері.
2. Баланың ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу технологиясы.
3. Психолог жұмысының жалпы әдістері.
4. Коррекциялық жұмыс бағыттары.
5. Бұзылыстарды тұтас және жүйелі зерттеу принциптері.
6. Психикалық бұзылыстарды сапалық талдауға бағдарлау.
7. Психофизиология.
8. Жастық психологиясы.
9. Патогендік факторлардың әсері.
10. Бұзылыстың қалыптасуына әсер ететін тәуекел факторлары (экзогендік және эндогендік факторлар).
11. дефект жүйелі құрылымы тұжырымдамасы (Л.С.Выготский бойынша).
12. Психологиялық коррекцияның иерархиялық принципі.
13. Коррекцияның алдын ала (болжамды) сипат принципі.
14. Межфункционалдық өзара әрекеттесу заңдылықтары.
15. Психокоррекциялық кешеннің құрылымы мен блоктары.
16. Жеке коррекциялық жоспарды (ЖКЖ) жасауға қойылатын әдістемелік талаптар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2:
Психологиялық кеңес беру және психопрофилактика
|
|
|
Дағды 1:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтендіру мәселелері бойынша педагогтарға, ата-аналарға және заңды өкілдерге кеңес беру
|
:
1. Ата-аналардың маманға жүгіну себептерін талдау (ресми немесе анықталған сұраныс).
2. Ата-аналық ұстанымдар мен отбасылық тәрбие стильдерін анықтау.
3. Ата-аналарды баламен өзара әрекеттесудің тиімді әдістеріне үйрету.
4. Баланың ауруының ауырлығын түсінуге байланысты отбасы мүшелерінің эмоционалдық дискомфортын азайту.
5. Балаға қойылатын талаптардың біртұтастығын қамтамасыз ету үшін бейінді мамандардың, педагогтардың және ата-аналардың өзара іс-қимылын үйлестіру.
6. Баланың әлеуметтік және білім беру ортасына бейімделу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
|
Білімі:
1. Отбасыға психологиялық көмек көрсету модельдері.
2. Отбасылық қақтығыстың кезеңдері және бала туыстарының психологиялық қорғаныс механизмдері.
3. Отбасылық психокоррекция блоктары: гностикалық, конструктивті, ұйымдастырушылық және коммуникативті.
4. Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында баланы психологиялық сүйемелдеудің ерекшелігі.
5. Кәсіби этика және деонтология.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Психопрофилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру
|
Машықтар:
1. Баланың орталық жүйке жүйесінің ағымдағы функционалдық жағдайын ескере отырып, сақтайтын және ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеу режимін жобалау.
2. Ата-аналарды немесе заңды өкілдерді, педагогтарды және басқа да мамандарды баланың әлеуметтік оқшаулануын жеңуге бағытталған оныңмен адекватты өзара әрекеттесу әдістері туралы хабардар ету.
3. Психикалық шаршау мен дезадаптация белгілерін уақытылы анықтау үшін баланың психологиялық мәртебесін бақылау.
4. Баланың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру және стресс пен аффектілік жарылыстарға ұшыраудың алдын алу үшін психореттеуші және психобұлшықеттік жаттығуларды қолдану.
|
Білімі:
1. Дизонтогенез кезіндегі психиканың иерархиялық құрылымының заңдылықтары және бастапқы бұзылыс негізінде екінші реттік ақаулардың қалыптасу механизмдері.
2. Дезадаптацияның сараланған профилактикасының негізі ретіндегі бұзылыстардың әртүрлі нұсқаларының (ПДТ, БЦС, АСБ, НТГС, АОК) жүйелі-құрылымдық модельдері.
3. Мінез-құлықты аффективті реттеудің төрт деңгейі және олардың дисфункция белгілері.
4. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүру сапасы мен бейімделу әлеуетін бағалаудың психологиялық критерийлері.
5. Профилактикалық мақсатта емдік, педагогикалық және психологиялық әсерлерді интеграциялауды көздейтін "кешенді тәсіл" принциптері.
6. Дамуында бұзылыстары бар балалардағы жас дағдарыстарының ерекшеліктері және аномальды системогенездің әртүрлі формаларында олардың өту спецификасы.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 3:
Әлеуметтік-психологиялық оңалту және абилитация
|
|
|
Дағды 1:
Білім беру және әлеуметтік қорғау саласында жеке индейвидуалды оңалту және абилитациялау бағдарламаларын (ЖОАБ) түзетуге және іске асыруға қатысу
|
Машықтар:
1. Балалардың әлеуметтік-тұрмыстық дағдылары мен өздігінен қызмет көрсету әдістерін қалыптастыру.
2. Ойына терапия, арт-терапия, музыкатерапия және тағы басқа әдістерді қолдана отырып, топтық сабақтар өткізу.
3. Балаға релаксация және бұлшықет кернеуін түсіру техникаларын үйрету (тыныштандыру және оқыту кезеңдері).
4. Сөйлеу қабілеті айтарлықтай бұзылған балалардың баламалы коммуникация дағдыларын дамыту.
5. Конфликттік жағдайларды модельдеу және ойнап көрсету (психодрама) арқылы сәйкес келмейтін мінез-құлық формаларын түзету.
|
Білімі:
1. Функционадық қызмет етудің халықаралық жіктеуіші (балалар мен жасөспірімдер үшін).
2. АСБ бар баланың мінез-құлқын аффективті реттеуге деңгейлік тәсіл.
3. Топтық динамиканың фазалары (баптау, дайындық, қайта құру, бекіту).
4. Зейін қасиеттерін түзетудегі ақыл-ой әрекеттерін кезең-кезеңімен қалыптастыру әдісі.
5. Директивті емес ойын арқылы түзету технологиялары.
6. Перцепция мен моториканы дамыту құралы ретінде құрастыру мен сурет салуға үйрету әдістемелері.
7. Дамуы бұзылған балалармен жұмыс істеу әдістерінің негіздері.
8. Реабилитациялық процесс пен әлеуметтік бейімделу сапасын бағалау критерийлері мен параметрлері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Аффективті эмоционалды-ерік-жігер саласын түзету және әлеуметтік-тұрмыстық және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру
|
Машықтар:
1. Эмоционалды кернеуді басу және көңіл-күйді түзету үшін кезең-кезеңімен психореттеу жаттығуларын (соның ішінде топтық форматта) өткізу, оған тыныштандыру, оқыту және қалпына келтіру кезеңдері кіреді.
2. Вербалды өзін-өзі мойындату формулаларын сенсорлық стимулдармен (музыка, жарық, түс) ұштастыра отырып, баланы релаксация және өзін-өзі реттеу техникаларына үйрету.
3. Баланың ерекше қорқыныштары мен сенсорлық сезімталдығын ескере отырып, "бірлескен-бөлінбеген іс-әрекет" әдісімен әлеуметтік-тұрмыстық бағдар алу және өзін-өзі қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыру.
4. Коммуникация және конфликтілерді шешу дағдыларын пысықтау үшін топтық сабақтар барысында сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы әлеуметтік өзара әрекеттесу жағдайларын модельдеу.
5. Мінез-құлықтың еріктілігін және ұсақ моториканы дамытуға бағытталған өнімді іс-әрекет түрлері (үлгі бойынша конструкция жасау, сурет салу және тағы басқа) негізінде түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
|
Білімі:
1. Баланың эмоционалдық күйін басқаруға арналған психореттеу жаттығуын өткізу әдістемесі.
2. Психокоррекциядағы психикалық функциялардың ерте даму кезеңдеріне қайта оралуды және жақын даму аймағына сүйенуді көздейтін онтогенетикалық бағдарлау принципі.
3. Бұзылыстардың әртүрлі формалары кезінде әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру технологиялары, соның ішінде фобиялар мен тамақтанудағы талғампаздықты (таңдамалылықты) жеңу тәсілдері.
4. Эмоционалдық дискомфортты компенсациялау және өзін-өзі көрсетуді дамыту құралы ретіндегі ойынтерапия мен арт-терапияның психологиялық механизмдері.
5. Бала үшін қауіпсіздік пен болжамдылықты қамтамасыз ететін сақтаушы-стимуляциялық режим мен арнайы дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
6. Баланың қоғамға интеграциялану процесіне әсер ететін функцияаралық байланыстардың бұзылу заңдылықтары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Эмпатия
Шыдамдылық
Эмоциялық тұрақтылық
Байқағыштық
Әдептілік
Жауапкершілік
Төзімділік
Коммуникативтілік
Адамның жеке ерекшелігін құрметтеу
Кәсіби әдептілік пен құпиялылықты сақтау
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
ХАЖ – 10 (11) ДБЖ
|
СБШ ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
6
|
Бала психологы
|
11. "Жеке тәжірибесі бар психолог" кәсібінің карточкасы:
|
Топтың коды:
|
2634-2
|
Қызмет атауының коды:
|
2634-2-010
|
Кәсіптің атауы:
|
Жеке тәжірибесі бар психолог
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
6
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Педагогика және психология
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Әлеуметтік ғылымдар
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Денсаулық сақтау
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Педагогика және психология
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Әлеуметтік ғылымдар
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Денсаулық сақтау
|
Біліктілік:
-
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
Тәжірибесіз, психология немесе психиатрия саласында жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы
|
Формалды емес және информалы біліммен байланыс:
|
Кәсіби қауымдастықтар мен салалық бірлестіктерде оқыту
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
2634-9-002 – Психолог (жалпы бейін)
2634-9-007 – Психолог (медициналық емес психотерапия, жалпы бейін)
2634-9-008 – Психолог (медициналық емес психотерапия, модальдігі бойынша)
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Клиенттердің психологиялық әл-ауқатын жақсарту, бейімделу мүмкіндіктерін және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жеке және заңды тұлғаларға психологиялық кеңес беру, психологиялық диагностика, психопрофилактика және психологиялық ағарту нысанында кәсіби психологиялық көмек көрсету.
|
Еңбек функциялардың сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Жеке тәжірибені ұйымдастыру және басқару.
2. Психологиялық диагностика және бағалау.
3. Психологиялық кеңес беру.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
1. Кәсіби даму және супервизия
|
Еңбек функциясы 1:
Жеке тәжірибені ұйымдастыру және басқару
|
|
|
Дағды 1:
Жұмыс кеңістігі мен жағдайларын ұйымдастыру
|
Машықтар:
1. Клиенттің қолжетімділік, құпиялылық және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, кабинетті (офлайн) немесе цифрлық ортаны (онлайн) жабдықтау.
2. Жұмыс кестесін жоспарлау, қабылдау уақытын немесе басқа кәсіби белсенділіктің уақыт шекараларын басқару.
3. Тапсырыс берушінің сұранысын, кәсіби этиканы және дербес деректерді қорғауды реттейтін нормативтік-құқықтық базаны ескере отырып, құжаттаманы жасау және жүргізу.
|
Білімі:
1. Қауіпсіз кеңістікті ұйымдастыру ережелері.
2. Онлайн-консультациялауға арналған заманауи платформалар және деректерді қорғауға қойылатын талаптар.
3. Дербес деректерді қорғауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2:
Психологиялық диагностика және бағалау
|
|
|
Дағды 1:
Жеке психологиялық зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастыру
|
Машықтар:
1. Клиенттің қиындықтарының табиғаты мен көзі туралы негізделген болжам жасау (психологтың құзыреттілігінен тыс себептерді қоса алғанда).
2. Жеке психологиялық зерттеу деректерін талдау және қорытындылау.
3. Қорытынды жазу кезінде этикалық нормаларды сақтау.
4. Тапсырыс берушіге зерттеліп отырған адамның (адамдардың) жағдайына әсер ететін факторлар, соның ішінде психологтың құзыреттілігінен тыс факторлар туралы болжамды хабарлау.
|
Білімі:
1. Психологиялық қорытындылардың құрылымы мен түрлері.
2. Қорытынды жазу кезіндегі этикалық кодекс: бағалаулық пікірлер мен жаппай атауларды (жарлықтарды) қолдануға болмайтыны.
3. Қорытындыны үшінші тұлғаларға ұсынудың құқықтық негіздері (сот сұрау салулары, қамқорлық және қорғау органдарының, мектеп психологтарының және тағы басқа сұрау салулары).
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Ауызша және жазбаша хабардарлығы туралы келісімді тұжырымдау және қорытынды жасау тұжырымдалуы мен қорытындысы
|
Машықтар:
1. Контакт орнату және сенімді атмосфера қалыптастыру.
2. Алғашқы, қайталама сұхбат жүргізу және тестілеуден өткізу.
3. Сұранысты қалыптастыру.
4. Тапсырыс берушінің және/немесе тексеріліп жатқан адамның психологиялық, психикалық және соматикалық денсаулығына байланысты тәуекел белгілерін анықтау.
5. Әдептік принциптердің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларды анықтау.
6. Әдептік кодекске сүйене отырып, әдептік тұрғыдан күрделі және екіұдай жағдайларда негізделген шешімдер қабылдау.
|
Білімі:
1. Сенім психологиясы және альянс қалыптастыру.
2. Этикалық шешімдер қабылдаудың теориялары мен модельдері.
3. Контракт контекстіндегі дифференциалды диагностика.
4. Негізделген тәуекел және құзыреттілік шекаралары теориялары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 3:
Психодиагностикалық әдістемелер мен тәсілдерді таңдау және қолдану
|
Машықтар:
1. Клиенттің сұранысына және жағдайына сәйкес жарамды және сенімді әдістемелер мен тәсілдерді таңдау.
2. Нәтижелерді контекстті, зерттеу міндетін және жеке ерекшеліктерді ескере отырып интерпретациялау.
3. Сандық және сапалық әдістерді біріктіру.
|
Білімі:
1. Негізгі психодиагностикалық әдістемелер мен тәсілдердің жіктелуі және мақсаты.
2. Әдістемелерге қойылатын психометриялық талаптар (валидтілік, сенімділік).
3. Нәтижелерді өңдеу ережелері мен принциптері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 3:
Психологиялық кеңес беру
|
|
|
Дағды 1:
Жеке психологиялық кеңес беруді жүргізу
|
Машықтар:
1. Кеңес берудің барлық кезеңдерінде клиентпен байланыс орнату және оны ұстап тұру.
2. Клиентке сұранысты тұжырымдауға және нақтылауға көмектесу, оны үстірт шағымнан ажырату.
3. Сұранысқа сәйкес келетін кеңес беру техникалары мен стратегияларын таңдау және қолдану.
4. Кеңес беру барысында клиенттің жағдайының динамикасын және тақырыпты зерттеудегі ілгерілеуін қадағалап, кездесу барысын икемді түрде түзетіп отыру.
5. Кеңес беруді қол жеткізілген нәтижелерді, алдағы іс-қимыл жоспарын (қажет болған жағдайда) және қайталама кездесулердің шарттарын бекіте отырып аяқтау.
|
Білімі:
1. Сұраныс тақырыбына сәйкес психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері.
2. Кеңес беру процесінің құрылымы мен кезеңдері.
3. Байланыс орнату және оны ұстап тұру техникалары мен тәсілдері.
4. Кеңес берудің тиімділік критерийлері және оның аяқталу белгілері.
5. Клиентпен жұмыс істеудің әдеп қағидаттары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Топтық кеңес беруді өткізу
|
Машықтар:
1. Жұмыс мақсаттарын, қатысушылар құрамын, олардың үйлесімділігі мен топтық өзара іс-қимылға дайындығын ескере отырып, топ құру.
2. Топта қауіпсіз әрі сенімді атмосфераны қамтамасыз ету, соның ішінде топтық нормаларды белгілеу және сақтау.
3. Сабақтың мақсаттарына сәйкес интерактивті дәрістер, кері байланыс шеңберлері, пікірталастар, миға шабуылдар өткізу.
4. Жекелеген қатысушылардың олардың топтық процесспен ынтымақтастығын жалғастыруға мүмкіндік бермейтін жағдайдың декомпенсация белгілерін анықтау.
5. Жағдайдың декомпенсация белгілері анықталған жағдайда жеке консультацияларға көшуді ұсыну.
6. Топтық жұмыстың тиімділігін бағалау үшін қорытынды рефлексия өткізу және қатысушылардан кері байланыс жинау.
|
Білімі:
1. Топтық динамика теориясы.
2. Топтағы конфликтілерді басқару техникалары.
3. Топпен жұмыс істеу этикасы.
4. Бейінді мамандарға жолдауды қажет ететін дағдарыстық күйлердің белгілері.
5. Топтық кеңес берудің тиімділік критерийлері.
6. Жеке кәсіби шектеулер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 3:
Тренингтік (дамытушылық) сабақтар өткізу
|
Машықтар:
1. Жұмыс мақсаттарын, қатысушылар құрамын, олардың үйлесімділігі мен топтық өзара іс-қимылға дайындығын ескере отырып, топ құру.
2. Нақты мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері бар топтық жұмыс бағдарламасын әзірлеу.
3. Топтық динамиканы басқару: сындарлы өзара іс-қимылды қолдау, конфликтілерді шешуге және пассивті қатысушыларды жұмысқа тартуға ықпал ету.
4. Топта қауіпсіз және сенімді атмосфераны қамтамасыз ету, соның ішінде топтық нормаларды белгілеу және сақтау.
5. Тренинг мақсаттарына сәйкес интерактивті дәрістер, кері байланыс шеңберлері, топтық жаттығулар, рөлдік ойындар, пікірталастар, миға шабуылдар өткізу.
6. Топтардың нақты түріне байланысты (клиенттік, оқыту элементтері бар клиенттік, тренингтік-дидактикалық) ажырату және басқару.
7. Жекелеген қатысушылардың олардың топтық процесспен ынтымақтастығын жалғастыру мүмкін емес ететін күйінің декомпенсация белгілерін анықтау.
8. Күйдің декомпенсация белгілері анықталған жағдайда бейінді маманмен кеңесуді ұсыну.
|
Білімі:
1. Топтық динамика теориясы.
2. Топ түрлері және топтық жұмыс форматтары.
3. Топтағы конфликтілерді басқару техникалары.
4. Топпен жұмыс істеу этикасы.
5. Бейінді мамандарға жолдауды талап ететін дағдарыстық күйлердің белгілері.
6. Топтық бағдарламалардың нәтижелілігін бағалау әдістері.
7. Жеке кәсіби шектеулер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Қосымша еңбек функциясы 1:
Кәсіби даму және супервизия
|
|
|
Дағды 1:
Супервизия мен интервизияға қатысу
|
Машықтар:
1. Тәжірибеден алынған жағдайларды нақты сұраныспен (қиындықтар, дилеммалар, кәсіби күмән) супервизияға жүйелі түрде ұсыну.
2. Супервизордың кері байланысын және ұсыныстарын сындарлы қабылдап, оларды практикалық жұмысқа енгізу.
3. Интервизиялық топтарға қатысу, тәжірибемен бөлісу, әріптестерге этикалық нормаларды сақтай отырып, кәсіби кері байланыс беру.
4. Өзінің кәсіби іс-әрекеттеріне өзін-өзі талдау жүргізу, жеке тәжірибенің клиенттермен өзара әрекеттесуге әсерін рефлексиялау.
5. Консультациялау сапасын арттыру және кәсіби жанудың (выгорание) алдын алу үшін супервизияны пайдалану.
|
Білімдер:
1. Супервизия түрлері (жеке, топтық; дамытушылық, қолдаушылық, оқытушылық).
2. Супервизия өткізудің этикалық ережелері (құпиялылық, клиентке және супервизиядан өтушіге деген құрмет).
3. Кәсіби құзыреттілік критерийлері мен шектеулер.
4. Кәсіби деформация мен кәсіби жану белгілері.
5. Жағдайды ұсыну форматтары мен регламенттері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Біліктілікті арттыру және үздіксіз білім алу
|
Машықтар:
1. Кәсіби дамудың жеке траекториясын (курстар, вебинарлар, конференциялар, тағылымдамалар) өз бетінше жоспарлау.
2. Психология саласындағы заманауи ғылыми жарияланымдарды, зерттеулерді және әдістемелік ұсынымдарды зерделеу.
3. Дәлелді практика талаптарын ескере отырып, кеңес беру мен диагностикалаудың жаңа әдістері мен техникаларын меңгеру.
4. Кәсіби қоғамдастарға, ассоциацияларға, жұмыс топтарына қатысу, өз деңгейін көтеріп, мамандықты дамытуға үлес қосу.
5. Үздіксіз кәсіби өсу құралы ретінде өз практикасына рефлексия жасау.
6. Алынған білім мен дағдыларды нақты практикада қолдану және олардың тиімділігін бағалау.
|
Білімі:
1. Заманауи психологиялық зерттеулер мен пікірталастардың негізгі бағыттары.
2. Кәсіби сертификаттау мен лицензиялауға қойылатын өзекті талаптар (соның ішінде ҚР-да).
3. Кәсіби даму ресурстары (баспалар, білім беру порталдары, қауымдастықтар).
4. Ғылыми-әдістемелік жұмыс жасау, мақала жазу және баяндама жасау әдістері.
5. Психолог үшін жеке психогигиена мен кәсіби жанудың алдын алу принциптері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Эмпатия
Жауапкершілік
Эмоциялық тұрақтылық
Әдептілік
Дербестік
Объективтілік
Коммуникативтілік
Кәсіби әдептілік пен құпиялылықты сақтау
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
|
СБШ ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
6
|
Бала психологы
|
6
|
Мамандығы бойынша арнайы психопедагогика психологы
|
12. "Спорттық психолог" кәсібінің карточкасы:
|
Топтың коды:
|
2634-9
|
Қызмет атауының коды:
|
2634-9-005
|
Кәсіптің атауы:
|
Спорттық психолог
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
6
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Педагогика және психология
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Әлеуметтік ғылымдар
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Денсаулық сақтау
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Педагогика және психология
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Әлеуметтік ғылымдар
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Денсаулық сақтау
|
Біліктілік:
-
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
Жұмыс өтілі талап етілмейді. Жекелеген еңбек функцияларын орындауға қойылатын практикалық даярлық пен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар кәсіптік стандартта және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
|
Формалды емес және информалы біліммен байланыс:
|
Спорт психологиясы, дағдарыстық жағдайларға ден қою, спортшылардың психикалық денсаулығы, этика, допингке қарсы орта және мәдени тұрғыдан құзыретті практика бойынша қосымша курстық даярлық; супервизия.
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Спортшылар мен дене шынықтыру-спорттық қызметтің өзге де субъектілерінің психологиялық дағдылары мен төзімділігін дамыту, спорттық қызмет пен әл-ауқатын оңтайландыру, спорттық мансабын қолдау, психологиялық тәуекелдердің алдын алу және сұраныс спорттық психологтың құзыретінен тыс болған жағдайда бейінді мамандарға уақтылы бағыттау үшін ғылыми негізделген және этикалық тұрғыдан қауіпсіз психологиялық сүйемелдеу. Қызмет спорт, білім және денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ жеке психологиялық практика тәртібімен жүзеге асырылады.
|
Еңбек функциялардың сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Спортшының психологиялық бағалауы, кәсіби сұранысты тұжырымдау және психологиялық жағдайын мониторингілеу.
2. Психологиялық дағдыларды дамыту және спортшының жаттығу және жарыс қызметіне психологиялық дайындығы.
3. Психологиялық кеңес беру, әл-ауқаты және спортшының спорттық мансабына сүйемелдеу.
4. Командамен, жаттықтырушылар құрамымен, ата-аналармен және спорттық ұйыммен жұмыс істеу.
5. Халықтың дене шынықтыру-сауықтыру; қызметіне, жаппай және үйреншікті спортқа қатысуын психологиялық сүйемелдеу.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
Еңбек функциясы 1:
Спортшының психологиялық бағалауы, кәсіби сұранысты тұжырымдау және психологиялық жағдайын мониторингілеу
|
|
|
Дағды 1:
Динамиканы мониторингтеу және психологиялық тәуекелдерді анықтау
|
Машықтар:
1. Психологиялық бағалаудың мақсатын, негіздерін, шекараларын және форматын айқындау, спортшыдан ақпараттандырылған келісім алу.
2. Жасын, спорт түрін, спорттық даярлық кезеңін және спорттық шеберлік деңгейін ескере отырып, валидті, сенімді және мәдени тұрғыдан релевантты психологиялық бағалау әдістерін таңдау.
3. Оңтайлы жауынгерлік жағдайды, мотивацияны, зейінді, эмоциялық реттелуді, өзіне деген сенімділікті, күйзелісті, копинг-стратегияларды, психологиялық тұрақтылықты, командалық процестерді және спорттық орта факторларын бағалау.
4. Психологиялық диагностика нәтижелерін сұхбат, бақылау деректерін және спорттық қызмет контекстін ескере отырып интерпретациялау.
5. Психологиялық сұранысты, сүйемелдеудің мақсаттарын, нәтижелерді бағалау өлшемшарттарын және қажет болған жағдайда басқа маманға жолдау негіздерін тұжырымдау.
|
Білімдер:
1. Психометрия және дәлелді психодиагностиканың негіздері.
2. Спорт, дене белсенділігі және спорттық орта психологиясы.
3. Жас ерекшелік психологиясы және жас спортшылардың психологиялық ерекшеліктері.
4. Мотивация, зейін, эмоциялар, күйзеліс психологиясы және копинг-стратегиялар.
5. Психологиялық бағалауды жүргізуге қойылатын этикалық талаптар.
6. Ақпараттандырылған келісімді алуға, құпиялылықты қамтамасыз етуге және дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптар.
7. Психологтың кәсіби әдеп кодексі және кәсіби қызметте қолданылатын нормативтік құқықтық актілер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Динамиканы мониторингтеу және психологиялық тәуекелдерді анықтау
|
Машықтар:
1. Спортшының психологиялық әл-ауқатын, қалпына келуін, жаттығуларға/жарыстарға бейімделуін, сондай-ақ психологиялық шамадан тыс жүктеме мен қажудың белгілерін тұрақты мониторингтеу.
2. Психологиялық әл-ауқаттың бұзылу белгілерін, тамақтану тәртібінің бұзылуын, тәуелді мінез-құлықты, зорлық-зомбылықты, дағдарыстық жағдайды немесе суицидтік тәуекелді анықтау.
3. Спортшыны басқа мамандарға жолдаудың белгіленген алгоритмдерін қолдану және қабылданған шешімдердің негіздерін құжаттау.
4. Спортшының психологиялық жай-күйіндегі өзгерістерді талдау және онымен бірлесіп психологиялық сүйемелдеу жоспарын түзету.
|
Білімі:
1. Спортшылардың психикалық денсаулығы және спорттық қызметтегі тәуекел факторлары.
2. Шамадан тыс жаттығу, қажу, қалпына келудің бұзылуы және дезадаптация белгілері.
3. Спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және зорлық-зомбылық, қатыгездікпен қарау, кемсітушілік, қанау және немқұрайлылық белгілеріне ден қою тәртібі.
4. Пәнаралық өзара іс-қимыл жасау және спортшыны басқа мамандарға жолдау негіздері мен тәртібі.
5. Клиникалық диагностиканы алмастырмай, дағдарыстық жағдайларға ден қою және тәуекелді бағалау негіздері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2:
Психологиялық дағдыларды дамыту және спортшының жаттығу және жарыс қызметіне психологиялық дайындығы
|
|
|
Дағды 1:
Жеке бағдарламаларды әзірлеу және спортшыны психологиялық дайындауды іске асыру
|
Машықтар:
1. Спортшымен бірлесіп психологиялық дайындықтың нақты мақсаттары мен тиімділік көрсеткіштерін тұжырымдау.
2. Мақсат қою, зейін қою және зейінді ауыстыру, өзін-өзі реттеу, қозу деңгейін және жарыс алдындағы күйді басқару дағдыларына үйрету.
3. Визуализация/ақыл-ой жаттығулары, позитивті және функционалды ішкі диалог, жарыс алдындағы дайындық тәртібі (рутина) және копинг-стратегияларына үйрету.
4. Тренерлік өкілеттіктерге араласпай, психологиялық дағдыларды жаттығу цикліне және жарыс жоспарына біріктіру.
5. Әдістерді жас ерекшелігіне, мәдениетке, жынысқа, параспортқа және спорт түрінің ерекшеліктеріне бейімдеу.
|
Білімі:
1. Психологиялық дайындық теориялары мен әдістері және ментальды дағдыларды даярлау және дамыту.
2. Стресс психофизиологиясы және қозуды реттеу.
3. Психомоторлық оқыту, зейін, шешім қабылдау және орындау дағдылары (биомеханика).
4. Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінің ерекшеліктері (жеке, командалық, техникалық, циклдік, жекпе-жек және тағы басқа).
5. Адаптивті спорттың принциптері мен инклюзивті практикалар.
6. Параспортшылармен жұмыс істеудің ерекшеліктері мен принциптері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Сұраныс қызметі мен спортшының спорттық нәтижелілігін бағалаудың өзге де жағдайларын психологиялық сүйемелдеу
|
Машықтар:
1. Жарыстарға дейін, жарыс барысында және жарыстардан кейін қолданылатын психологиялық өзін-өзі реттеудің жеке хаттамаларын әзірлеу.
2. Оқу-жаттығу жиындары, жарыстар және маусым кезеңдері арасындағы ауысу кезінде өз құзыреті шеңберінде қысқа мерзімді психологиялық қолдау көрсету.
3. Спорттық қызметтегі жарыстық және өзге де маңызды жағдайларды талдауды жүргізу, оның ішінде сәтті орындалған әрекеттерді, туындаған қиындықтарды және алдағы психологиялық даярлық міндеттерін анықтау.
4. Спортшының құпиялылығын сақтай отырып, психологтың рөлін жаттықтырушымен, дәрігермен және өзге де мамандармен келісу.
|
Білімі:
1. Жарыстық мінез-құлық психологиясы және жарыстық қысым жағдайындағы спортшының психологиялық реакциялары.
2. Мультидисциплиналық спорттық командадағы коммуникация.
3. Спорттық ұйымда/құрамада жұмыс істеу кезіндегі құпиялылық талаптары.
4. Спорттағы бірнеше түрлі қарым-қатынастар мен мүдделер қақтығысының этикалық аспектілері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 3:
Психологиялық кеңес беру, әл-ауқаты және спортшының спорттық мансабына сүйемелдеу
|
|
|
Дағды 1:
Спортшыларға клиникалық емес сұраныстар бойынша психологиялық кеңес беру
|
Машықтар:
1. Мотивация, сенімділік, стресс, өзін-өзі бағалау, конфликттер, спорт/оқу/жұмыс тепе-теңдігі және басқа да клиникалық емес мәселелер бойынша психологиялық кеңес беру;
2. Білімі мен құзыреттілігі шегінде тиімді полимодальді тәсілдерді қолдану.
3. Спортшының автономиясын, бірлескен шешім қабылдауды және мәдени және жеке құндылықтарды құрметтеуді қолдау.
4. Кеңес берудің тиімділігін бағалау және клиникалық сұраныстар анықталған жағдайда араласуды уақтылы тоқтату немесе өзгерту.
|
Білімі:
1. Психологиялық кеңес беру негіздері.
2. Мәдени, тілдік және әлеуметтік ерекшеліктерді, сондай-ақ спортшының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби коммуникация принциптері.
3. Психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке шекараларды құрметтеу және қайталама жарақаттанудың алдын алу.
4. Жеңімпаз психологиясы.
5. Стресс психологиясы.
6. Кәсіби шекаралар және клиникалық көмекке бағыттау критерийлері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Спортшының жарақат алғандағы, спорттық кезеңдерден өтетін және спорттық мансабын аяқтайтын сәттегі сүйемелдеуі
|
Машықтар:
1. Медициналық/оңалту командасымен бірлесіп, спорттық жарақат кезінде психологиялық қолдау көрсету.
2. Оңалту процесіне адалдықты, шынайы мақсат қоюды және спорттық рөлдің уақытша жоғалуына бейімделуді қолдау.
3. Спортшының қалпына келуіне, оның жаттығу және жарыстық қызметке қайта оралуға дайындығына және бейінді мамандардың ұсынымдарын сақтауына әсер етуі мүмкін психологиялық факторларды бағалау.
4. Психологиялық әл-ауқаттың айқын бұзылу белгілерін, қайғы-қасіретті бастан өткерудің асқынған түрлерін, депрессиялық жай-күйді, психологиялық жарақаттың салдарын және бейінді маманға жолдауды талап ететін өзге де жай-күйлерді анықтау.
|
Білімдер:
1. Дағдарыс және төтенше жағдайлар психологиясы.
2. Спорт жарақасы және одан қалпына келу психологиясы.
3. Спорттық мансап және мансаптық ауысу модельдері.
4. Спортшының рөлдер тепе-теңдігі.
5. Жоғалтуға, бірегейліктің өзгеруіне және мансаптың аяқталуына психологиялық реакциялар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 4:
Командамен, жаттықтырушылар құрамымен, ата-аналармен және спорттық ұйыммен жұмыс істеу
|
|
|
Дағды 1:
Командалық және ұйымдастырушылық психологиялық жұмыс
|
Машықтар:
1. Спорттық командадағы командалық үдерістердің, коммуникацияның, рөлдердің бөлінуінің, көшбасшылықтың, ұйымшылдықтың және психологиялық қауіпсіздіктің ерекшеліктерін бағалау.
2. Командалық өзара іс-қимылды, коммуникацияны, көшбасшылықты, жанжалдарды конструктивті шешуді және бірлесіп шешім қабылдауды дамытуға бағытталған топтық сабақтар мен тренингтер өткізу.
3. Психологиялық тұрғыдан сауатты коммуникация, кері байланыс беру және спортшылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескеру мәселелері бойынша жаттықтырушыларға консультация беру.
4. Қолайлы мотивациялық ахуалды және спортшылар мен жаттықтырушылар арасындағы конструктивті қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ету.
5. Мотивация, коммуникация, эмоциялық реакциялар, топтық динамика және спортшылардың психологиялық жүктемесі тұрғысынан жаттығу процесіне психологиялық талдау жүргізу.
6. Спортшылардың әл-ауқаты мен дамуына ықпал ететін психологиялық тұрғыдан қауіпсіз спорттық ортаны қалыптастыруға ықпал ету.
7. Жаттықтырушылар құрамына жаттықтырушының кәсіби өкілеттіктеріне араласпай, спортшыларды даярлаудың психологиялық жағдайларын жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру.
|
Білімі:
1. Топтар мен спорттық командалар психологиясы, көшбасшылық және ұйымдық мінез-құлық.
2. Мотивациялық ахуал және тұлғааралық қарым-қатынастар.
3. Топтық динамиканың, спорттық команданы қалыптастыру мен дамытудың заңдылықтары.
4. Конфликтология негіздері және спорттық ортадағы жанжалдарды реттеу.
5. Спорттық командадағы көшбасшылық пен рөлдерді бөлудің психологиялық ерекшеліктері.
6. Спортшыларды зорлық-зомбылықтан, қанаудан, кемсітушіліктен, ар-намысты қорлайтын қарым-қатынастан және немқұрайлылықтан қорғау мен психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Психологиялық ағарту және жаттықтырушылармен, ата-аналармен және спортшы үшін маңызды басқа да адамдармен өзара іс-қимыл жасау
|
Машықтар:
1. Спортшылардың, жаттықтырушылардың, ата-аналардың, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің және спорт ұйымдары қызметкерлерінің психологиялық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды жоспарлау және өткізу.
2. Кәмелетке толмаған спортшылардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне баланың дербестігін қолдау, мотивациясын сақтау және спорттық нәтижелерге деген салауатты көзқарасын қалыптастыру мәселелері бойынша консультация беру.
3. Спортшыларға, жаттықтырушыларға және ата-аналарға психологиялық әл-ауқаттың бұзылу белгілерін және көмекке жүгіну тәртібін түсіндіру.
4. Аудиторияның жас ерекшелігін, тілін, мәдени ерекшеліктерін және психологиялық сауаттылық деңгейін ескере отырып, психологиялық ағарту мазмұны мен форматын таңдау.
|
Білімдер:
1. Спорттық қызмет жағдайындағы бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері;
2. Психологиялық ағартудың қағидаттары мен әдістері;
3. Спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің психикалық дамуының жас ерекшеліктері.
4. Кәмелетке толмаған спортшының ата-аналарымен, жаттықтырушыларымен және басқа да маңызды ересектермен өзара іс-қимылының психологиялық ерекшеліктері.
5. Спорттық орта қатысушыларының мәдени, тілдік және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби коммуникация қағидаттары.
6. Кәмелетке толмаған спортшылармен, олардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен жұмыс істеуге қойылатын этикалық және құқықтық талаптар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 3:
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қызметін психологиялық сүйемелдеу
|
Машықтар:
1. Спортшылардың жасы, спорттық даярлық кезеңдері және спорт түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептегі психологиялық жұмысты жоспарлау;
2. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне түскен кездегі, басқа оқу-жаттығу тобына өткендегі, жаттықтырушысы ауысқандағы және спорттық даярлық деңгейі жоғарылаған кездегі бейімделуін психологиялық сүйемелдеу;
3. Мотивацияға, жаттығулардың жүйелілігіне, жаттықтырушымен өзара қарым-қатынасқа, жүктемелерге бейімделуге және спорттық даярлықты жалғастыруға әсер ететін психологиялық факторларды бағалау.
4. Психологиялық өзін-өзі реттеу, сенімділік, зейін, қателіктер мен жарыс нәтижелеріне конструктивті көзқарас дағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар өткізу.
5. Психологиялық тұрақсыздық, шамадан тыс қысым, эмоционалдық жану, бейімделудің бұзылуы, зорлық-зомбылық және кәмелетке толмаған спортшының әл-ауқатына төнетін басқа да қауіптер белгілерін анықтау.
6. Жаттықтырушыларға спортшылардың жас ерекшеліктері, психологиялық сауатты коммуникация, кері байланыс және қолайлы мотивациялық климатты қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес беру.
7. Баланы қолдау, спорттық нәтижелерге деген көзқарас және оның психологиялық шекараларын сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен және заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасау.
8. Спорттық ортада балалар қауіпсіздігіне төнетін зорлық-зомбылықтың, кемсітушіліктің, қорлаушылыққа толы іс-әрекеттердің және басқа да қауіптердің алдын алу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
9. Тиісті негіздер анықталған жағдайда кәмелетке толмаған спортшыны дәрігерге, психиатрға, психотерапевтке, әлеуметтік педагогқа немесе басқа да маманға жолдауды ұйымдастыру.
10. Жеке спортшылардың құпия ақпаратын ашпай, спорттық ортаның психологиялық жағдайы туралы жинақталған мәліметтерді БЖСМ әкімшілігіне ұсыну.
|
Білімі:
1. Балалар мен жасөспірімдердің психикалық дамуының жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктері.
2. Спорттық дайындық кезеңдерінің және кәмелетке толмағандардың оқу-жаттығу процесіне бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері.
3. Мотивацияның, жаттығуларға деген қызығушылықты сақтаудың, спорттық күйзелістің және спорттық дайындықты мерзімінен бұрын тоқтатудың психологиялық факторлары.
4. Кәмелетке толмаған спортшының жаттықтырушымен, ата-анасымен және құрдастарымен өзара іс-қимылының психологиялық ерекшеліктері.
5. Психологиялық қауіпсіздік принциптері және кәмелетке толмаған спортшыларды зорлық-зомбылықтан, пайдаланудан, кемсітуден және қорлаудан қорғау.
6. Кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу кезіндегі ақпараттандырылған келісімге, құпиялылыққа және дербес деректерді өңдеуге қойылатын талаптар.
7. Баланың өміріне, денсаулығына немесе қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда заңды өкілдерді, әкімшілікті және уәкілетті органдарды хабардар ету негіздері мен тәртібі.
8. Пәнаралық өзара іс-қимыл тәртібі және кәмелетке толмаған спортшыны басқа мамандарға жолдау тәртібі;
9. Қазақстан Республикасының бала құқықтары, психологиялық қызмет, дене шынықтыру және спорт туралы заңнамасы, сондай-ақ балаларға арналған спорттық мектептердің атқаратын еңбек функциялары бөлігіндегі нормативтік талаптары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 5:
Халықтың дене шынықтыру-сауықтыру қызметіне, жаппай және үйреншікті спортқа қатысуын психологиялық сүйемелдеу
|
|
|
Дағды 1:
Әуесқой спорттық топтарды және жаппай спорт бағдарламаларын психологиялық сүйемелдеу
|
Машықтар:
1. Дене шынықтырумен және спортпен айналысуға бастауға, оны жалғастыруға немесе тоқтатуға әсер ететін мотивацияны, күтулерді, психологиялық кедергілерді және факторларды бағалау.
2. Дайындық деңгейін, өмірлік жағдайларын және жеке құндылықтарын ескере отырып, айналысушы адаммен бірлесіп шынайы мақсаттарды тұжырымдау.
3. Жаттығулардың тұрақтылығын қолдайтын психологиялық әдістерді: мақсат қоюды, өзін-өзі бақылауды, кері байланысты, әдеттерді қалыптастыруды, өзін-өзі реттеуді және уақытша үзілістерді еңсеруді қолдану.
4. Спорттық нәтижелерге, сыртқы келбетке, басқа қатысушылармен салыстыруға және өзінің сәтсіздіктеріне психологиялық тұрғыдан салауатты көзқарасты қалыптастыруға ықпал ету.
5. Алғашқы жарыстарға дайындалу, үзілістен кейін қайта оралу және дене белсенділігінің әдеттегі деңгейін өзгерту кезінде психологиялық қолдау көрсету.
6. Спортпен айналысу, жұмыс, оқу, отбасылық және басқа да өмірлік міндеттер арасындағы теңгерімді сақтауға көмектесу.
7. Дене жаттығуларын компульсивті түрде орындау белгілерін, тамақтану тәртібінің бұзылуын, дене бітіміне қатты қанағаттанбауды, психологиялық қажуды және бейінді маманға жолдауды талап ететін өзге де жай-күйлерді анықтау.
8. Жаттықтырушымен, нұсқаушымен, дәрігермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимыл жасау, бұл ретте дене жүктемелерін тағайындауға, медициналық сүйемелдеуге және жаттығу процесіне араласпау.
|
Білімі:
1. Спорт, дене белсенділігі және дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің психологиясы.
2. Мотивация теориялары және мінез-құлықты өзгерту модельдері.
3. Дене шынықтырумен және спортпен айналысуды бастауға, жалғастыруға және тоқтатуға әсер ететін психологиялық факторлар.
4. Мақсат қою, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау және тұрақты мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру әдістері.
5. Әуесқойлық жарыстарға қатысу психологиясы.
6. Дене бейнесі мен тамақтану тәртібінің психологиялық аспектілері.
7. Компульсивті түрде жаттығу, психологиялық қажу және дезадаптация белгілері.
8. Психологтың, жаттықтырушының, нұсқаушының, дәрігердің және тамақтану жөніндегі маманның құзыреті шекаралары.
9. Әрбір жас кезеңіндегі тұлғаның психологиялық жаңа құрылымдары.
10. Тұлғаның әлеуметтенуі және бейімделуі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Әуесқойлық спорттық топтар мен бұқаралық спорт бағдарламаларын психологиялық сүйемелдеу
|
Машықтар:
1. Әуесқойлық спорттық топтардағы мотивациялық ахуалды, коммуникация сапасын, психологиялық қауіпсіздік пен инклюзивтілікті бағалау.
2. Қатысушыларға, жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға және бұқаралық спорттық бағдарламаларды ұйымдастырушыларға психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу.
3. Мотивацияны сақтауға, жаттығуларды тоқтатудың алдын алуға және құрметке негізделген спорттық ортаны қалыптастыруға қатысты ұйымдастырушыларға консультация беру.
4. Ар-намысты қорлайтын коммуникацияның, кемсітушіліктің, шамадан тыс қысымның және салауатты емес бәсекелестіктің алдын алуға ықпал ету.
5. Қатысушылардың өзін-өзі реттеуін, өзіне деген сенімділігін, тұрақты мотивациясын және психологиялық әл-ауқатын дамытуға бағытталған топтық бағдарламаларды әзірлеу.
6. Медициналық, жаттығу немесе басқарушылық бағалауды алмастырмай, бағдарламалардың психологиялық нәтижелерін бағалау.
7. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дене жүктемесінің көлемін бағалау және жаттықтырушыға ұсынымдар беру.
|
Білімі:
1. Бұқаралық және әуесқойлық спорттағы топтар мен қауымдастықтар психологиясы.
2. Мотивациялық ахуал және спорттық қызметке қатысуды сақтауға әсер ететін факторлар.
3. Дене шынықтыру-спорттық ортаның психологиялық қауіпсіздігі және инклюзивтілігі.
4. Психологиялық ағарту және профилактикалық бағдарламалар.
5. Жаңадан бастаушылармен, ересек және егде жастағы қатысушылармен, мүгедектігі бар адамдармен және халықтың басқа да топтарымен жұмыс істеу ерекшеліктері.
6. Жас ерекшелік және арнайы психология.
7. Даму психологиясы.
8. Тұлғаның психомоторлық ұйымдасуы.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Этикалық жауапкершілік
Кәсіби рефлексия
Эмоциялық тұрақтылық
Кәсіби шекараларды бұзбай эмпатия таныту
Байқағыштық
Талдамалық ойлау
Коммуникацияға бейімділік
Мәдени сезімталдық
Пәнаралық өзара іс-қимыл жасау қабілеті
Объективтілік
Құпиялылық
Стреске төзімділік
Кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуға дайын болу.
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
|
СБШ ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
6
|
Жеке тәжірибесі бар психолог
|
6
|
Бала психологы
|
13. Мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қоргау министрлігі.
Орындаушы: Г.Қ. Ермухан – Еңбекті нормалау және ұлттық біліктілік жүйесін дамыту саясаты басқармасының сарапшысы.
тел. +7 (717) 274-35-22
e-mail: g.ermukhan@enbek.gov.kz.
14. Кәсіптік стандартты әзірлеуге қатысқан ұйымдарының (кәсіпорындарының) атакәсіптік стандартты әзірлеуге немесе жаңартуға қатысқан тиісті қызмет салаларының (ұқсас жұмыс түрлерінің) ұйымдарының (кәсіпорындарының) атауы:
Ы. Алтынсарин атындағы ҰАҚ
Орындаушы: Әлиева Э.М.
Орындаушы. Альназарова Г.Ш.
Л. Гумилев атындағы ЕҰУ
Орындаушы: Мамбеталина А.С.
Орындаушы: Туменбаева Д.Т.
Орындаушы: Терентьева И.М.
Орындаушылар: Асанова Г.Е., Елисеев С.Г.
Орындаушылар: Сактаганова Т.С., Садыков К.Ж.
Астана қ. №10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Орындаушы: Сатемирова Г.А.
15. Кәсіптік біліктілік бойынша салалық кеңес (2026 жылғы 17 тамыздағы хаттамасы).
16. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган 2026 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы).
17. Нұсқа нөмірі және шыққан жылы: 1-нұсқа, 2026 жыл.
18. Болжамды жаңарту күні: 2029 жыл.