Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 33-8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 мамырда № 38685 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Жамбыл облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23-8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31213 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы А. Нуралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады