"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қала әкімі аппараты және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №4741 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Тараз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы М.Оспанбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Б.Орынбеков |
