"Тараз қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 2413 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 2650 қаулысы

      Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тараз қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі №2413 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген 10 және 11-қосымшалар алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген 14-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 22-қосымшамен және осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 23-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Тараз қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының филиалына жолдауын қамтамасыз етсін.

      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұ.Сламбековаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б. Орынбеков

  Тараз қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы _____қыркүйектегі
  №____ қаулысына 1-қосымша
  Тараз қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы 22 қыркүйектегі
  № 2413 қаулысына 14-қосымша

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №57 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Тараз қаласы Жібек жолы ауданы "Қызыл-Абад", "Жиделі", "Көлтоған" шағынаудандарынан балаларды тасымалдау схемасы

      *L = 18 шақырым

      "Қызыл-Абад" шағынауданы"Жиделі" шағынауданы

      "Көлтоған" шағынауданы

      "Үшқоңыр" аялдамасы

      Шартты белгілер:

      - аялдама

      - маршрут бағыты

      - жол

      - елді мекен

      - "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №57 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      *L - қашықтық

  Тараз қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы _____ қыркүйектегі
  №____ қаулысына 2-қосымша
  Тараз қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы 22 қыркүйектегі
  № 2413 қаулысына 22-қосымша

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің № 70 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Тараз қаласы Жібек жолы ауданы "Береке", "Коммунальник" тұрғын үй алаптарынан балаларды тасымалдау схемасы

      "Береке" тұрғын үй алабы

      "Коммунальник" тұрғын үй алабы

      *L = 8 шақырым


      Шартты белгілер:

      - маршрут бағыты

      - жол

      - елді мекен

      - "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №70 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      *L - қашықтық

  Тараз қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы _____ қыркүйектегі
  № ____ қаулысына 3-қосымша
  Тараз қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы 22 қыркүйектегі
  № 2413 қаулысына 23-қосымша

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің № 70 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Тараз қаласы Жібек жолы ауданы "Победа", "Юбилейный" тұрғын үй алаптарынан, "Дорожник" тұтыну кооперативінен балаларды тасымалдау схемасы

      "Дорожник" тұтыну кооперативі"Юбилейный" тұрғын үй алабы

      "Победа" тұрғын үйалабы

      *L = 10 шақырым

      Шартты белгілер:

      - маршрут бағыты

      - жол

      - елді мекен

      - "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №70 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      *L - қашықтық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады