Kazakhstan Discover Mining Company Ltd жеке компаниясына 2031 жылдың 22 қаңтарына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 247 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Kazakhstan Discover Mining Company Ltd жеке компаниясына Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бетпақдала жер қоры жерінен жалпы алаңы 1699,0825 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2031 жылдың 22 қаңтарына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. Kazakhstan Discover Mining Company Ltd жеке компаниясына қатты пайдалы қазбаларды барлаудан келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Нурадинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады