"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Сарысу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сарысу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2581 нөмірімен тіркелген) күші жойылсын.
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің сала орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Мамытов |