"Сарысу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 154 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Сарысу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сарысу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2581 нөмірімен тіркелген) күші жойылсын.

      2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің сала орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Мамытов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады