"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28 - бабының 4 – тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 - бабына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, шарттық немесе өтеусіз негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін орынжайлар белгіленсін.
2. "Сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй - жайларды беру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 305 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2324 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
| Талас ауданының әкімі | Н. Жүнісбеков |
| Талас ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "14" шілдедегі № 01-144 қаулысына қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық немесе өтеусіз негізде берілетін орынжайлар
№ | Елді мекеннің атауы | Кездесулер өткізілетін орындар |
1 | Қаратау қаласы | Балалар өнер мектебінің акт залы |
2 | Қаратау қаласы | Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйі |
3 | Қаратау қаласы | С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің акт залы |
4 | Қаратау қаласы | М.Әуезов атындағы орта мектебінің акт залы |
5 | Ақкөл ауылы | Ақкөл ауылдық мәдениет үйі |
6 | Ақкөл ауылы | Ауылдық "Дене шынықтыру-сауықтыру кешені" |
7 | Аққұм ауылы | Аққұм ауылдық клубы |
8 | Бостандық ауылы | Бостандық ауылдық мәдениет үйі |
9 | Майтөбе ауылы | Майтөбе ауылдық клубы |
10 | Бөлтірік шешен ауылы | Бөлтірік шешен ауылдық клубы |
11 | Көктал ауылы | Көктал ауылдық мәдениет үйі |
12 | Қызыләуіт ауылы | Қызыләуіт ауылдық мәдениет үйі |
13 | Есейхан ауылы | Есейхан ауылдық мәдениет үйі |
14 | Қасқабұлақ ауылы | Қасқабұлақ ауылдық клубы |
15 | Ойық ауылы | Ә.Тәжімбетов атындағы мәдениет үйі |
16 | Ойық ауылы | Ауылдық "Дене шынықтыру-сауықтыру кешені" |
17 | Тамды ауылы | Тамды ауылдық мәдениет үйі |
18 | Үшарал ауылы | Үшарал ауылдық мәдениет үйі |
19 | Үшарал ауылы | Ауылдық "Дене шынықтыру-сауықтыру кешені" |
20 | С.Шәкіров ауылы | С.Шәкіров ауылдық мәдениет үйі |
