Ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 407 бұйрығы

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 37-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр С. Нұрбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2026 жылғы 28 тамыздағы
№ 407 бұйрығына қосымша

Ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі

      1. "Климаттық орнықтылық, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;

      2. "Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілік" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;

      3. "Денсаулық, адами даму және өмір сүру сапасы" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;

      4. "Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және аумақтар мен өмірлік маңызды инфрақұрылымның орнықтылығы" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;

      5. "Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және ғылыми әлеует" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;

      6. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады