"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 106;
2) "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 232 бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Персоналды дамыту және басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Ж. Сүлейменова |
