БҰЙЫРАМЫН:
1. "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жоба туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 159-НҚ бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны өткізу тәртібінде:
мынадай мазмұндағы 40-тармақпен толықтырылсын:
"40. Пилоттық жобаны өткізу кезеңінде аттестатталатын педагогке тиісті біліктілік санаты берілгенге (расталғанға) дейін бұрын алған біліктілік санаты сақталады.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Пилоттық жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді және осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Ш. Ақпарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Туризм
және спорт министрлігі