Жетісу облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 39-247 бірлескен шешімі мен Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 195 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 7) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:

      - Талдықорған қаласының "Құлагер" мен "Әл-Фараби" шағынаудандарының аралығында орналасқан атауы жоқ жаңа көшеге – Мұқамәділ Қаптағаев көшесі;

      - Талдықорған қаласының шығыс бөлігінде орналасқан атауы жоқ жаңа көшеге – Алтынай Есболат көшесі;

      - Талдықорған қаласының шығыс бөлігінде І. Жансүгіров көшесі мен Ғани Мұратбаев көшелерінің аралығында орналасқан атауы жоқ жаңа көшеге – Шаймұқан Мұқанов көшесі;

      - Талдықорған қаласының солтүстік тұрғын үй ауданында орналасқан № 2 атауы жоқ жаңа көшеге – Оспанбек Боранбаев көшесі;

      - Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 5 атауы жоқ жаңа көшеге – Асылбек Шлетов көшесі;

      - Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 6 атауы жоқ жаңа көшеге – Ғайыс Егембердиев көшесі;

      - Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 7 атауы жоқ жаңа көшеге – Құрмантай Бақбергенов көшесі;

      - Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 8 атауы жоқ жаңа көшеге – Хасан Борамбаев көшесі;

      - Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 11 атауы жоқ жаңа көшеге – Егор Чуйков көшесі;

      - Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 12 атауы жоқ жаңа көшеге – Николай Турченко көшесі;

      - Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 13 атауы жоқ жаңа көшеге – Василий Моисеенко көшесі;

      - Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан № 4 атауы жоқ жаңа көшеге – Абдықадыр Болсамбеков көшесі;

      - Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан № 18 атауы жоқ жаңа көшеге – Серғали Күнчаев көшесі;

      - Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан "Береке" тұрғын алабының № 23 атауы жоқ жаңа көшеге – Әулиеағаш көшесі;

      - Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан № 1 атауы жоқ жаңа көшеге – Кемеңгер көшесі.

      2. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысының және Жетісу облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігінің қаулысы мен Жетісу облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б.Исабаев
      Жетісу облыстық мәслихаты төрағасының м.а. Р.Салықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады