Алакөл ауданы әкімінің "Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу Алакөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 37 "Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімінің 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 68 шешімі

      Алакөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алакөл ауданы әкімінің "Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 14 шілдедегі № 37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 157038 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 23- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "23. № 67 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Көктұма ауылы, Г.Безродных көшесі № 32 ғимарат, "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көктума қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекаралары: Көктұма, Тоқты ауылдарының аумағы.".

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 30- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "30. № 74 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қабанбай ауылы, Абылайхан көшесі № 269 ғимарат, "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мағжан Жумабаев атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекаралары: Қабанбай ауылының оңтүстік-батыс бөлігі, "Восточный" және "Арман" шағын аудандары, В. Дегтярев, С. Мұқанов көшелері.".

      Көрсетілген шешімнің қосымшасы 54- тармақпен толықтырылсын.

      "54. №469 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Үшарал қаласы, Бөгенбай батыр көшесі № 148, "Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алакөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      Шекаралары: Алакөл аудандық орталық ауруханасы.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алакөл ауданының әкімі А.Абдинов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Алакөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады