"Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Порттың мiндеттi көрсететiн қызметтерiнiң тiзбесi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | М. Калиакпаров |
| Қазақстан Республикасы Көлік министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 251 бұйрығымен бекітілген |
Порттың мiндеттi көрсететін қызметтерінің тiзбесi
Кеменiң теңiз портына, кейiннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзуге және/немесе өзге де мақсаттарда кiруi үшiн қызметтер (кеме кiрiсi):
1) корабельдiк – кемеге теңiз портына кiрудi және одан шығуды ұсыну;
2) навигациялық – кеменің порт айдынына кіруі/шығу кезінде кемелер қозғалысын басқару жүйесі не жағалаулық радиолокациялық жүйе және басқа да навигациялық жабдық (қалтқылар, вехтер, маяктар, жарылыс белгілері, радиобайланыс құралдары) арқылы навигация және байланыс құралдарымен навигациялық қызметтерді ұсыну;
3) арнамен өткен үшiн – кеменің айлаққа өтуі үшін арнаны, соның ішінде навигациялық жағдай құралдарымен жабдықталған арнаны ұсыну;
4) айлақтық – кемелерге жүк және көмекші операцияларды жүзеге асыру үшін айлақты ұсыну;
5) зәкiрлiк – кемелерге рейдте және/немесе айлақ қасында зәкірлік тұрағын ұсыну;
6) арқандап байлау – кеменiң арқандап байлау ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелердi көшiру және қайта арқандап байлау;
7) табиғат қорғау iс-шаралары саласында – портта тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерiн кемеден қандай да бiр шектеусiз қабылдау;
8) карантиндiк – санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң және қамтамасыз ету бойынша теңiз портының қызметтер көрсетуі;
карантиндік жұқпалы ауруларды және жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкiн адамдарды уақытша оқшаулау үшiн үй-жай ұсыну;
теңіз порты аумағы мен объектiлерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстау;
көлiк кемелерiнде, порт объектiлерiнде санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың күшiмен кемiргіштер мен жәндiктердi алдын ала жою.