Қазақстан Республикасы "Қаржы лизингі туралы" заңының 24-5 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) лизинг шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мынадай мөлшерлері:
лизинг нысанасының құны 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын лизинг шарты бойынша – жылдық 36 (отыз алты) пайыздан аспайтын мөлшерде;
лизинг нысанасының құны 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден асатын лизинг шарты бойынша - жылдық 46 (қырық алты) пайыздан аспайтын мөлшерде;
лизинг беруші ретінде банк әрекет ететін лизинг шарттары бойынша – жылдық 35 (отыз бес) пайыздан аспайтын мөлшерде белгіленсін;
2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес лизинг шарты бойынша өзге де төлемдердің мөлшерлері.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында алғаш ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нағаспаев |
| бұйрығына қосымша |
Қаржы лизингі шарты бойынша өзге де төлемдердің мөлшерлері
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемдердің мөлшерлері:
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген мемлекеттік баждар, алымдар және өзге де міндетті төлемдер;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салынатын айыппұлдар;
"Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лизинг нысанасын ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысы, сондай-ақ сақтандыру шартында көзделген франшиза;
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін төлем;
астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының актілеріне сәйкес ақылы автотұрақтарды пайдаланғаны үшін төлем;
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 213-бабында көзделген талаптарды Лизинг алушының сақтамауы салдарынан Лизинг берушіге қосымша есептелген және (немесе) өндіріп алынған қосылған құн салығының, корпоративтік табыс салығының, өсімпұлдардың, айыппұлдардың және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдердің сомалары.
2. Қаржы лизингі шартында көзделген төлемдердің мөлшерлері:
қаржы лизингін беру туралы өтінішті қарағаны үшін комиссия;
лизинг нысанасы үшін бастапқы жарна (аванстық төлем);
қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес лизинг нысанасын техникалық жарамды күйде және тиісті сыртқы жағдайда ұстауға байланысты шығыстар;
Лизинг алушының әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан туындаған және лизинг нысанасының қалыпты тозуына байланысты емес зақымдарды жоюға, жөндеуге және қалпына келтіруге арналған шығыстар;
қауіпсіздік құралдарын, телематикалық құрылғыларды, мониторинг жүйелерін және ұрлануға қарсы кешендерді орнатуға, қызмет көрсетуге, жөндеуге, ауыстыруға және бөлшектеуге арналған шығыстар;
Лизинг алушы орнатқан қосымша жабдықты бөлшектеуге және лизинг нысанасын оның қалыпты тозуын ескере отырып, қаржы лизингі шартында көзделген күйге келтіруге байланысты шығыстар;
лизинг нысанасын іздестіруге, алып қоюға, эвакуациялауға, тасымалдауға, сақтауға, диагностикалауға, техникалық сараптама жүргізуге, бағалауға, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды орындау үшін тартылатын үшінші тұлғалардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар;
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке сот орындаушысының көрсететін қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сот шығыстары;
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауға арналған шығыстар;
"Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пошта және курьерлік көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар;
қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл).