Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 2 тармағы 12-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп Мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсету үшін астананың су шаруашылығы құрылыстарын салу мен пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы сумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорынға бюджеттік субсидиялардың төлемдері (төлемақылары) қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен
1) осы бұйрықты қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында алғаш ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Р. Исақұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс |
|
| Министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 485 бұйрығымен бекітілген |
Астана қаласының су шаруашылығы құрылыстарын салуды ұйымдастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге бюджет субсидияларын төлеу (төлеу) қағидалары.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге Астана қаласының су шаруашылығы құрылыстарын салуды ұйымдастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға бюджет субсидияларын төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Астана қаласының су шаруашылығы құрылыстарын салу үшін мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге бюджет субсидияларын беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) субсидиялау – сумен жабдықтау жүйелерін дамытуды экономикалық ынталандыру мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсету үшін субсидия алушыға қайтарымсыз және өтеусіз негізде бюджет субсидияларын беру;
2) Қарыздарды өтеу – ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бағытталатын бюджеттік қаражат;
3) кредиттік келісім - кредитор, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз алушы арасындағы мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім;
4) Құрылысты ұйымдастыру – субсидияларды (төлемдерді) алушының Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 59-бабына сәйкес тапсырыс берушінің барлық функцияларын толық көлемде дербес жүзеге асыру арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаны басқаруы.
2-тарау. Мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге бюджет субсидияларын беру тәртібі
3. Бюджеттік субсидиялар мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартуға арналған мемлекеттік кепілдігі және тиісті келісімі болған жағдайда, жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесі жүз пайыз болатын, астананың су шаруашылығы құрылыстарын салуды ұйымдастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға беріледі.
4. Субсидиялау мерзімі алушының келісімнің талаптарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуді және оған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кезеңге айқындалады.
5. Бюджет субсидиялары:
республикалық бюджеттен мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған субсидияларды сумен жабдықтау саласындағы, астананың аса маңызды су шаруашылығы құрылыстарын салуды ұйымдастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі – алушы) аудару арқылы;
жергілікті бюджеттен мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, оның ішінде қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен бағамдық айырмаға байланысты шығындарды субсидиялауды жүзеге асыру үшін алушыға субсидияларды аудару арқылы.
6. Мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге бөлінетін субсидиялардың көлемі:
республикалық бюджеттен – жергілікті бюджеттен бөлінетін субсидияларды ескере отырып, мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындардың жалпы сомасының 90 пайыздан көп емес мөлшерінде;
жергілікті бюджеттен – мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге қажетті шығындардың жалпы сомасының 10 пайыздан кем емес мөлшерінде айқындалады.
7. Төлемдерді (төлемақыларды) және (немесе) бюджет субсидияларын алу үшін субсидия алушы бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) субсидиялар беру туралы өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) субсидиялар берудің қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;
3) кредиттік шарттың көшірмесі;
4) мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімнің көшірмесі;
5) қарызды берген қаржы ұйымы растаған мемлекеттік емес қарызды өтеу кестесінің көшірмесі;
6) қолданыстағы тариф пен тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтардың көшірмелері;
7) бекітілген (өзгерістер енгізіле отырып бекітілген) инвестициялық бағдарламаларды бекіту туралы бұйрықтардың көшірмелері;
8) соңғы 3 (үш) жылдағы тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептер (болған жағдайда);
9) соңғы 3 (үш) жылдағы инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептер (болған жағдайда);
10) өзге кредитор банктер алдындағы мерзімі өткен берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
11) өтінім берілген күнгі жағдай бойынша салық органдарында есебі жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
12) бірінші басшы мен бас бухгалтер қол қойған соңғы 3 (үш) жылдағы қаржылық есептілік (болған жағдайда).
8. Бюджет субсидияларын беру субсидия алушының бірінші басшысы (не оны алмастыратын тұлға) бекіткен есеп-қисаптар негізінде және су шаруашылығы құрылыстарын салу бойынша орындалған жұмыстардың көлемін растайтын құжаттарды ұсына отырып жүзеге асырылады.
Су шаруашылығы құрылыстарын салу бойынша орындалған жұмыстардың көлемін растайтын құжаттарды ұсыну талабы бюджет субсидияларын беру кезінде қолданылады және осы Қағидаларға сәйкес жобалау және құрылыс кезеңдеріндегі шығыстарды қаржыландыруға бағытталатын төлемдерді (төлемақыларды) жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
9. Бюджет субсидияларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 110-бабының 3-тармағына сәйкес, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың негізінде, ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері айқындаған рәсімдерге сәйкес алушыға аударады.
10. Субсидиялар мерзімі өткен қарыз берешегі бойынша есептелген және төленген сыйақыны өтеуге, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу, шаруашылық қызметтің залалдарын және субсидия алушының салықтық міндеттемелерін жабу мақсаттарына берілмейді.
11. Субсидия алушы:
1) дұрыс және негізделген есеп-қисаптардың ұсынылуын қамтамасыз етеді;
2) бюджет субсидияларын мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге мақсатты түрде пайдаланады;
3) қолданыстағы тарифтің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қарыз қолданылатын бүкіл кезең ішінде мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар көзделген тарифтік сметаны қоса бере отырып, тарифті бекіту үшін табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаментіне өтінім беруді қамтамасыз етеді.
12. Алушы төлемдердің (төлемақылардың, субсидиялардың) және қаржы институтының мемлекеттік емес қарыз қаражатының түсуі мен жұмсалуына бөлек есеп жүргізуді қамтамасыз етеді.
13. Төлемдердің (төлемақылардың, субсидиялардың) жұмсалу ашықтығын және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында оларды мақсатты пайдалану мониторингін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
14. Төлемдерді (төлемақыларды, субсидияларды) алушы олардың нақты жұмсалуы туралы есепті республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тоқсан сайын және қаржы жылының қорытындысы бойынша ұсынады.
Есепті алушы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей, ал есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
15. Төлемдердің (төлемақылардың, субсидиялардың) нақты жұмсалуы туралы есепте есепті кезеңде алынған төлемдердің (төлемақылардың, субсидиялардың) сомалары, негізгі борышты өтеуге, сыйақыны (пайыздарды) төлеуге, қарызға қызмет көрсетуге байланысты қосымша шығыстарға (оның ішінде бағамдық айырмаға, сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне, комиссияларға және өзге де шығыстарға), сондай-ақ пайдаланылмаған қалдықтарға қатысты мәліметтер қамтылады және оған растайтын құжаттар (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің актілері, төлем тапсырмалары, қаржы институтының шоттары, қарызды өтеу кестелері және қаражаттың мақсатты пайдаланылғанын растайтын өзге де құжаттар) қоса беріледі.
16. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оның толықтығын және ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді.
17. Ұсынылған мәліметтерде сәйкессіздіктер, қателер немесе толық еместік анықталған жағдайда республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері алушыға анықталған ескертулер мен бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.
Алушы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді жояды және пысықталған есепті ұсынады.
18. Есептілікті қарау нәтижелері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері төлемдерді (төлемақыларды, субсидияларды) пайдалану туралы жиынтық ақпаратты қалыптастырып, оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жолдайды.
19. Төлемдер (төлемақылар, субсидиялар) қаражатының мақсатсыз пайдаланылу фактілері анықталған жағдайда, алушы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.
20. Алушы ұсынылатын есептіліктің дұрыстығы, толықтығы және уақтылы ұсынылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.