БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34142 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларында:
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арнасы (бұдан әрі - коммуникациялар арнасы) – мемлекеттік орган халықпен екіжақты тәртіпте өзара іс қимыл жасайтын тәсіл, құрал немесе цифрлық ресурс;";
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) өтініш беруші – коммуникациялар арнасының жұмыс істеуіне жауапты орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың);".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
