"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жолданымдарды және орындаушылық тәртіпті бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомствосының, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін;
2) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Е. Ақкенженов |
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі |
|
| № 288-н/қ бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардің өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 147 бұйрығы.
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі №147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 244 бұйрығы.
3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі №147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 10 маусымдағы № 222 бұйрығы.