Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы" 2026 жылғы 17 наурыздағы № 18/03 Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |