Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Теміртау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 тамыздағы №60/3 қаулысымен бекітілген Ережесі жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
3. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді.
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік қүқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және қүқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің тиісті салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Теміртау қаласының әкімі | С. Сатаев |
| Бекітілді Теміртау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы "16" қыркүйектегі № 37/19 қаулысымен |
ЕРЕЖЕ "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
1.Жалпы ережелер
1. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Теміртау қ. ТКШ, ЖКжАЖБ" ММ) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, ол өз құзыреті шегінде жолаушылар көлігі жұмысын ұйымдастыру, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдарының жұмыс істеуі салаларында басшылықты жүзеге асырады.
2. "Теміртау қ. ТКШ, ЖКжАЖБ" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Теміртау қ. ТКШ, ЖКжАЖБ" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. "Теміртау қ. ТКШ, ЖКжАЖБ" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі, сондай-ақ заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде әрекет етуге құқылы.
5. "Теміртау қ. ТКШ, ЖКжАЖБ" ММ өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101400, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары, 12-үй.
8. Мекеменің толық атауы: "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Мекеменің жұмыс құжаттамасында қысқартылған атауы пайдаланылуы мүмкін: "Теміртау қ. ТКШ, ЖКжАЖБ" ММ.
9. Осы Ереже "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
10. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәселесі бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне бағытталады.
2. Мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
12. Мекеменің миссиясы коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
13. Мекеме өз қызметі барысында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
1) жолаушылар көлігінің қызметін мемлекеттік реттеу, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қалалық рельсті көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді беру;
2) автомобиль жолдарын салуға жәрдемдесу, оларды күтіп-ұстау мен пайдалануды ұйымдастыру;
3) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау, тазарту, дренаж жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін салу және реконструкциялау;
4) қаланың санитариялық жай-күйін қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, иесіз мәйіттерді жерлеу жөніндегі басшылық пен бақылау;
5) мердігерлік шартқа сәйкес объектілерді пайдалануға беру мерзімін қамтамасыз ету.
14. Мақсаттарға қол жеткізу үшін Мекеме тікелей мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеменің жедел басқаруына берілген коммуналдық меншікті басқару;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру:
жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасының жобаларын әзірлейді, Теміртау қаласында жол қозғалысын ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысады. Автомобиль көлігімен тұрақты қалалық, қала маңындағы және маусымдық жолаушылар мен багаж тасымалдарын ұйымдастырады. Жекелеген маршруттар мен маршруттар пакеттері түрінде конкурстық ұсыныстар қалыптастырады, оларды әлеуетті тасымалдаушылар арасында орналастырады;
Теміртау қаласының қалалық және маусымдық маршруттарында жалпы пайдаланымдағы жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге конкурс өткізу үшін өтінім дайындайды;
қоғамдық қалалық тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автомобиль көлігі кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасайды;
тасымалдаушылардың маршруттарға қызмет көрсету конкурстарының қорытындылары бойынша жасалған шарттар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру шарттары мен міндеттемелерін орындауының жай-күйін бақылайды, ақпарат жинайды, бағалайды, болжайды және тиімділігін айқындайды, осы негізде тасымалдаушылар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, жолаушылар автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын субъектілердің қызметі мәселелері бойынша халықтан келіп түсетін шағымдар мен ұсыныстарға нақты ден қою шараларын қабылдайды;
төтенше жағдайлар кезінде Теміртау қаласының автомобиль көлігі, автокөлік және жол инфрақұрылымының жұмылдыру дайындығы, қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету және жұмысының сенімділігі мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасайды;
конкурс жеңімпаздарымен маршрутқа (маршруттарға) қызмет көрсету шарттарын жасайды және оларға маршрутта жұмыс істеу құқығын растайтын куәліктер береді, тасымалдаушылардың белгілі бір маршрут бойынша жолаушылар тасымалдау туралы шартта көрсетілген жолаушылар тасымалы тарифтерін сақтауын, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін, маршруттардың қозғалыс кестесі мен схемаларын, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша жасалған шарттар бойынша өзге де талаптар мен міндеттемелерді сақтауын бақылайды;
жол полициясы қызметімен және коммуналдық қызметтермен бірлесіп, тасымалдаушыларды маршруттардың өзгеруі және жолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалыстың уақытша тоқтатылуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;
жолаушылар ағынын зерделейді және талдайды, осы негізде көлік жүйесін дамытудың перспективаларын айқындайды, сондай-ақ маршруттардың схемаларын, маршруттарда жұмыс істеу үшін қажетті көлік құралдарының саны мен түрлерін негіздейді, жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерінің орналасу схемаларын негіздейді;
тұрақты қалалық, қала маңындағы, оның ішінде маусымдық маршруттардың тізілімін жүргізеді, Теміртау қаласының жаңа маршруттарын ашуды, қолданыстағы маршруттарды жабуды және өзгертуді ұйымдастырады, жолаушылар көлігінің қозғалыс схемалары мен кестелерін әзірлейді;
жолаушыларды отырғызу және түсірудің белгіленген пункттері мен автомобиль жолдары кешенінің өзге де объектілерін жабдықтау және безендіру жобаларын әзірлейді;
қалалық рельсті көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді, қалалық рельсті көлік құралдарының тізілімін жүргізеді;
4) қала автомобиль жолдарын басқару:
жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, қаладағы көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
коммуналдық меншіктегі жолдар мен жол кәсіпорындарын басқару;
жалпы пайдаланымдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына бақылауды жүзеге асыру;
7) қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және көлік пен инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін пайдалануды ұйымдастыру:
қалалық инженерлік коммуникациялар қарамағында болатын субъектілермен келісілген, жол жабындарын, тротуарларды газондардың, қалалық инфрақұрылымның абаттандырудың басқа да элементтері мен инженерлік құрылыстарының, сондай-ақ жол жабындарының бұзылуына байланысты жер қазу және өзге де жұмыстарға қатысты жобалық құжаттаманы қарайды және оларды жүргізуге жазбаша рұқсат (ордер) береді, жасыл желектерді кесуге рұқсат береді, жұмыстарды аяқтау мерзімдерін белгілейді;
бұзылған абаттандыру элементтерін, бұзылған асфальтбетон жабындысын қалпына келтіру туралы актіні жасауға қатысады, жұмыстарды жүргізу шарттары бұзылған, сапасыз қалпына келтірілген немесе қалпына келтіру жұмыстарының мерзімдері бұзылған жағдайда ордер алушыға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жібереді және оны орындау үшін оңтайлы мерзімді айқындайды, ал бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін нұсқама орындалмаған жағдайда, кінәлі тұлғаға келтірілген залал үшін жауапкершілікке тарту туралы сотқа материалдар дайындайды;
коммуналдық меншіктегі коммуналдық желілер мен құрылыстарды бақылайды, желілер мен құрылыстар бойынша сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау шарттарын жасайды;
8) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу:
қалада уақытша объектілерді орналастыру үшін арнайы орындарды бөлу туралы шешімдер қабылдауға қатысады, осындай орындарды қоршау қажеттілігі туралы шешімдер қабылдайды, кінәлі тұлғалардың есебінен объектілер мен абаттандыру элементтерін, жасыл желектерді бастапқы қалпына келтіру мерзімдерін айқындайды, субұрқақтарды іске қосу және аяқтау мерзімдерін, олардың жұмыс режимдерін, технологиялық үзілістерін, табақшаларын шаю және тазалау кестесін айқындайды және бақылайды, көшелердің, жолдардың, қоғамдық орындардың, аулалардың және басқа да жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарықтандырылуын қосу және өшіру кестесін бекітеді және бақылайды;
9) қаланың коммуналдық меншігіндегі объектілерді салу, реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру:
10) объектілерді пайдаланушы ұйымдарға беру;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
15. Өз функцияларын жүзеге асыру үшін Мекеменің заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтары мен міндеттері бар:
1) Мекеме қызметінің саласына кіретін мәселелер бойынша республикалық және жергілікті органдар әзірлеген заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
2) Теміртау қаласының басқа да атқарушы органдары дайындайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Мекеменің құзыретіне жататын бөлігінде келісуді жүзеге асыру;
3) коммуналдық меншіктегі коммуналдық шаруашылық объектілерін пайдалануды ұйымдастыру мен олардың жай-күйін коммуналдық қызметтер көрсететін барлық меншік нысандарындағы субъектілермен өзара іс-қимыл жасай отырып бақылау;
4) сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп қала аумағын пайдалану, жоспарлау және салу, қала құрылысының ерекше режимі бар аумақтарды пайдалану нормалары мен қағидаларының, қала құрылысы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
5) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе қала құрылысын өзге де игеру үшін жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік мұқтаждар үшін алып қою жөніндегі өтінішхаттар мен ұсыныстарды келісу;
6) өз құзыреті шегінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурстарды заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастыру және өткізу;
7) коммуналдық және көлік қызметтеріне баға белгілеу мен тарифтердің жай-күйіне талдау жүргізу және бақылау; қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тарифтерінің жобаларын әзірлеу және Мекеменің бекітуіне ұсыну;
8) автомобиль көлігімен тұрақты қалалық, қала маңындағы, оның ішінде маусымдық жолаушылар мен багаж тасымалдарын жүзеге асыруға қызмет көрсету құқығына арналған конкурстарда тапсырыс беруші ретінде әрекет ету, конкурстардың шарттарын айқындау, тасымалдаушылармен шарттарды дайындау және жасасу;
9) конкурстардың қорытындылары бойынша жасалған шарттардың қолданылу кезеңіне белгілі бір маршруттар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру құқығына тұрақты куәліктер беру;
10) жолаушылар автомобиль көлігінің жұмысы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау және тексеру, олар бойынша тиісті шаралар қабылдау;
11) тасымалдаушылар шарттардың талаптарын бірнеше рет бұзған кезде куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру немесе оларды алып қою;
12) тұрақты куәліктердің қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе олар алып қойылған, сондай-ақ тасымалдаушылар маршруттарға қызмет көрсетуден не маршруттарға көліктік қызмет көрсету шарттары бойынша өзге де міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайларда жолаушылар тасымалын жүзеге асыру құқығына уақытша куәліктер беру, бұл маршруттарды басқа тасымалдаушыларға қызмет көрсетуге беру;
13) жаңадан ашылатын маршруттарға ашық конкурс өткізілгенге дейін және конкурс нәтижелері бойынша осы маршруттар бөлінгенге дейін оларды "сынақтан өткізу" кезеңіне қызмет көрсету құқығына уақытша куәліктер беру;
14) қаланың коммуналдық, автокөлік және жол инфрақұрылымы субъектілерінен осы Ережеде көзделген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу; осы мақсаттарда көрсетілген инфрақұрылым субъектілерінің шаруашылық объектілерін қажетті құжаттамаға қол жеткізе отырып, қажет болған жағдайда Уәкілетті орган бекіткен тексеру жоспарына (бағдарламасына) сәйкес тікелей тексеру;
15) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қаланың коммуналдық шаруашылық объектілерін, көшелері мен жолдарын салуды, жөндеуді және күтіп-ұстауды қаржыландыру жобаларын әзірлеу және басқа да жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен келісу;
16) қаланың тұрғын үй-коммуналдық, автокөлік және автомобиль жолдары кешені субъектілерінің қызметін бақылау нәтижелері бойынша нақты ден қою шараларын қабылдау мақсатында соңғыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы субъектілермен жасалған шарттардың талаптары мен міндеттемелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар жіберу;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасын Мекеменің қызмет саласында бұзған субъектілерді материалдық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін тиісті юрисдикцияға ие органдарға материалдар жіберу;
18) жедел басқарудағы мүлікке қолданыстағы заңнамаға сәйкес иелік ету, пайдалану және оған билік ету;
19) ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына қатысу, өз құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру;
20) желілер мен құрылыстарды сенімгерлік басқаруға беру туралы шарттар жасасу кезінде сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы ретінде әрекет ету, заңнамаға сәйкес құқықтары мен міндеттерін атқару;
21) сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдары берген, белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы, нормативтік талаптар мен техникалық тапсырмаларды бұза отырып орындалып жатқан жұмыстар мен құрылыстың кез келген түрлерін жүргізуді тоқтата тұру туралы ұсыныстарды белгіленген тәртіппен енгізу;
22) қолданыстағы заңнаманы, қала құрылысы, экологиялық және басқа да нормативтік талаптарды бұза отырып жұмыстарды орындайтын жобалау, құрылыс және өндірістік ұйымдардан жобалау, құрылыс және құрылыс материалдарын шығару жөніндегі лицензияларды алып қою туралы ұсыныстар енгізу;
23) орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің барысы мен сапасын кез келген уақытта тексеру;
24) құрылыс жұмыстарын жобалау-сметалық, нормативтік-техникалық құжаттамадан, сондай-ақ құрылыс мердігерлігі шартының талаптарынан ауытқып орындаған кезде мердігерден жіберілген ақауларды өтеусіз жоюды талап ету;
25) мердігердің кінәсінен құрылыс мердігерлігі шартының өзгертілуінен немесе бұзылуынан келтірілген залалдарды өтеуді талап ету;
26) жобалық құжаттаманың кемшіліктеріне немесе орындалған іздестіру жұмыстарына байланысты үшінші тұлға тапсырыс берушіге талап-арыз берген жағдайда, мердігерді (жобалаушыны, іздестірушіні) талап-арыз бойынша іске қатысуға тарту.
3. Мекеме қызметін ұйымдастыру
16. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшы басшылық етеді, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.
17. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы тікелей қала әкіміне, сондай-ақ өздеріне жүктелген міндеттер шегінде Мекеменің жұмысын бақылауға, басшыға орындау үшін міндетті нұсқаулар мен тапсырмалар беруге құқылы оның орынбасарларына бағынады.
18. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережеде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
19. Мекеме басшысы:
1) Мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлейді және қала әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) жалпы жедел басшылықты жүзеге асырады, қызметті ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді және бақылайды, Мекеме мамандары мен басқа да қызметкерлерінің жұмысын бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
3) Мекемедегі ішкі еңбек тәртібі қағидаларын бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
4) Мекеме қызметіне қатысты нормативтік және өзге де құқықтық актілердің және басқа да қызметтік құжаттардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады және оларды әкімнің және қала әкімдігінің бекітуіне ұсынады; басқа мемлекеттік органдардан Мекемеге келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
5) сенімхатсыз Мекеме атынан әрекет етеді және өз өкілеттіктері шегінде басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда оның мүдделерін білдіреді;
6) Мекеме қызметінің мәселелері бойынша қала әкімі аппаратымен, қалалық мәслихатпен, Ақтау кенті әкімі аппаратымен, қала бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен, қала мен облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен, саяси партиялармен және қозғалыстармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қала халқымен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
7) Мекеме қызметінің мәселелері бойынша қала әкімінің жанындағы кеңестерді, әкімдік отырыстарын, консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын, жалпы қалалық қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындауды қамтамасыз етеді;
8) Мекеме қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады, олармен тұрақты өзара іс-қимылды қолдайды, қалада жүргізіліп жатқан саясатты түсіндіруді, тиісті жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу, қабылдау және орындау туралы, тиісті салада қала үшін өзекті мәселелерді шешудің жолдары мен шаралары туралы ақпарат беруді жүзеге асырады;
9) Мекеменің қала әкімі мен әкімдігінің қабылдаған нормативтік және өзге де құқықтық актілерінің, әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
10) Мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің талаптарына сәйкес көрсетілуін ұйымдастырады;
11) Мекеме қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды, келіп түскен өтініштер мен құжат айналымын талдауды, азаматтарды жеке қабылдауды, іс жүргізуді ұйымдастыруды және жетілдіруді, іс жүргізудің мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуін ұйымдастырады;
12) мұрағаттарға берілуге тиіс ұйымдастырушылық-өкімдік және өзге де құжаттаманың сақталуын және тиісті мемлекеттік мұрағаттарға берілуін қамтамасыз етеді;
13) сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге, қызметтік әдеп қағидаларын бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік қызметшілер мен басқа да қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды әзірлейді және қабылдайды;
14) мамандар мен басқа да қызметкерлерді іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру және көтермелеу мәселелерін дербес шешеді (жоспарлар мен кестелерді бекітеді);
15) бюджеттік бағдарламаны әзірлеуді, Мекеменің бюджеттік өтінімін дайындауды және оны қалалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу үшін әкімге ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) қаржыландыру сметасын және қаржылық есептілікті әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді; банктік шот ашады; заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде ақша қаражаты мен басқа да мүлікке билік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды; сенімхаттар береді;
17) Мекеме қызметін материалдық-шаруашылық қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; азаматтық-құқықтық шарттар жасайды, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
18) Мекеме ғимаратының, үй-жайларының және мүлкінің күзетілуін және өрт қауіпсіздігін ұйымдастырады, қызметкерлердің санитариялық қағидалар мен нормаларды, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады және бақылайды;
19) азаматтарды және Мекеме қызметкерлерін жеке мәселелері бойынша жеке қабылдайды;
20) заңнамада және осы Ережеде өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
20. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның міндетін атқаратын адам жүзеге асырады.
21. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және қабылданатын шешімдердің заңдылығына дербес жауапты болады.
22. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
4. Мекеменің мүлкі
23. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
24. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады және коммуналдық меншікке жатады.
25. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.