Балқаш қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Ж. Әбуғалиев к., №3 мекенжайы бойынша Қарағанды облысы білім басқармасының "Зияткер" мамандандырылған мектебі" КММ-нің ғимаратында орналасқан №197 учаскелік сайлау комиссиясын Ж. Әбуғалиев к., №7 мекенжайы бойынша Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының білім бөлімінің "№3 мектеп-интернат" КММ-нің ғимаратына көшірілсін.
2. Русаков көшесі, 1 "А" мекенжайы бойынша Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 3 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің ғимаратында орналасқан №218 учаскелік сайлау комиссиясын Русаков көшесі, 8/2 мекенжайы бойынша "Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Балқаш қалалық спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қонырат спорт кешені" ғимаратына көшірілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Муратулы С. |
"КЕЛІСІЛДІ":
Балқаш қалалық
сайлау комиссиясы