"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес "Абай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 3/32 "Абай аудандық мәслихатының аппараты" ММ Ережесін бекіту туралы шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Д.Е. Шариповаға жүктелсін.
4. Осы шешім қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
| Абай аудандық мәслихатының төрағасы | Д.Сакенов |
| Абай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 тамыздағы № 57/527 шешімімен бекітілген |
"Абай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Бұдан әрі "Мекеме" деп аталатын "Абай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
2. Мекеменің ресми атауы: "Абай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мекеме өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болуға, міндеттер жүктеуге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.
6. Мекеме өз қызметінің мақсаттарына сәйкес мүлікті иеленуді және пайдалануды жүзеге асырады.
7. Аппараттың ағымдағы қызметіне тікелей басшылықты ҚР заңнамасына сәйкес Абай аудандық мәслихатының төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын аппарат басшысы жүзеге асырады.
8. Мекеменің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Абай аудандық мәслихатының сессиясында бекітіледі.
9. Мекеменің заңды мекен-жайы: 100100, Қарағанды облысы, Абай қаласы, Жеңіс даңғылы, 3.
10. Мекеменің өз алдына жеке балансы болады. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Мекеме өз міндеттемелері бойынша ақшалай қаражатпен жауапты болады.
12. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
2. Мекеменің функциялары
13. Мекеме мәслихат пен оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, мәслихат төрағасының қызметін қамтамасыз ету, депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету жөніндегі қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген функцияларды жүзеге асырады.
3. Мекеменің қызметін ұйымдастыру
14. Мекеме өз қызметін заңдылық, ашықтық, тиімділік, кәсібилік, жауапкершілік, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, мәслихат шешімдерін дайындау кезінде жариялылық қағидаттарында жүзеге асырады.
15. Мекеме өз қызметін жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асырады.
16. Іс жүргізуді ұйымдастыру ҚР заңнамасына, құжаттау, құжаттаманы басқару және мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
17. Мәслихаттың төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихат төрағасы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
18. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды, мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
19. Аппарат басшысы ҚР заңнамасына сәйкес мәслихат төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік әкімшілік қызметші болып табылады.
20. Аппарат басшысы аппарат қызметіне тікелей басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
21. Аппарат басшысы ҚР заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
1) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін басқарады, ұйымдастырады және бақылайды;
2) тәртіптік және конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылықты, қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды және тәртіптік жауапкершілік мәселелерін жүзеге асырады;
3) Мемлекеттік қызмет өткеру мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды, ҚР заңнамасында көзделген жағдайда және тәртіппен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін тағайындайды, босатады және ауыстыруды жүзеге асырады;
4) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
5) мәслихаттың сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
6) заңнамада белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік мекеменің қаржы құжаттарына бірінші қол қоюға құқығы бар.
22. Аппарат қамтамасыз етеді:
1) мәслихат сессияларына материалдарды уақтылы дайындау;
2) тұрақты комиссиялардың отырыстарын ұйымдастыру;
3) мәслихат шешімдерін орындау және хаттамалар жүргізу;
4) құжаттарды тұрақты және уақытша сақтау, құжаттарды мұрағатқа беру;
5) талдамалық, анықтамалық және ақпараттық материалдарды дайындау;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру;
7) мәслихат қызметін ақпараттық сүйемелдеу;
8) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау;
9) мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, тексеру комиссиясымен, Қоғамдық кеңеспен, ұйымдармен және мекемелермен және т. б. өзара іс-қимыл жасау.
23. Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Мәслихат өкілеттігінің мерзімі өткеннен кейін, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.
6. Мекеменің мүлкі
25. Мекеме мүлкінің меншік иесі Мекеме болып табылады. Мекеме мүлкі негізгі қорлардан және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны Мекеменің өз алдындағы балансында көрсетілген өзге мүліктерден тұрады.
26. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Мекеменің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
7. Мекемені қайта құру және тарату
28. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.