"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Абай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 9 қыркүйектегі жоспардан тыс отырысының № 7 хаттамасына сәйкес Көксун ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Көксун ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 03 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 228215 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Көксун ауылдық округінің әкімі: | А. Б. Мақанов |