"Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Көксун ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 03 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Көксу ауылдық округінің әкімінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 04 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Абай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 9 қыркүйектегі жоспардан тыс отырысының № 7 хаттамасына сәйкес Көксун ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Көксун ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 03 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 228215 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көксун ауылдық округінің әкімі: А. Б. Мақанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады