Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 166 "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4310 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік Тізімінде:
реттік нөмірі 2 жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы |
А. Оралов |