Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 49, 50-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 7) тармақшасына, 130-бабына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №40/01 бірлескен қаулысы мен Қарағанды облыстық мәслихатының XXXV сессиясының 2026 жылғы 25 маусымдағы №411 "Қарағанды облысының кейбір ауылдық округтерін тарату және олардың шекараларын өзгерту туралы" шешімінің 2-тармағына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарқаралы ауданының Қаракөл ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) таратылсын.
2. Қаракөл ауылдық округінің әкіміне:
1) заңды тұлғаның таратылуына байланысты мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне алдағы уақытта еңбек шарттарының бұзылуы және жұмыстан босатылуы туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ескерту жасасын;
2) мемлекеттік мекеменің қызметін тоқтатуды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Қарқаралы ауданының әкімі | С.Мусин |