"Karaganda Copper Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 240 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Karaganda Copper Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 19 ақпанына дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 447,1460 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.

      2. "Karaganda Copper Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

      4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі С.Мусин

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы "___"_____ ________
№ _____ қаулысына қосымша

"Karaganda Copper Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

№

Орналасқан жері

Кадастырлық номері

Жалпы көлемі, га

қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;

1

"Мереке" ш/қ Жабагин Кайрат Токенович

09:133:062:017

692,7

75,2326

2

Ауыл Айнабұлақ

09-133-001


371,9134


Барлығы



447,1460


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады