Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шет ауданы Көктіңкөлі ауылдық округіне қарасты Көктіңкөлі станциясының шекарасынан (шегінен) 4619 гектар жерді алып тастап, аталған жерлерді Шет ауданы Көктіңкөлі ауылдық округінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің құрамына қосу арқылы Көктіңкөлі станциясының шекарасы (шегі) өзгертілсін және жалпы ауданы 454 гектар шекарасы (шегі) белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шет ауданының әкімі | М.Мұхтаров |
| Шет аудандық мәслихат төрағасы | С.Социал |