"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арал ауданы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылсын:
1) "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 161-қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6000 болып тіркелген);
2) "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 161-қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 119-қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6909 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| АУДАН ӘКІМІ | А. ОҢҒАРБАЕВ |