Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 171 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3979 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірлері 2, 3, 11, 12, 13, 15, 19, 20, 21, 35, 37, 42, 44, 45 жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
