Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидалары туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/49 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларында:
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді;";
58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады;
59. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Ж. Матаев |
