"Су саласы мамандарының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 273-НҚ бұйрығы

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Су шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Н. Нұржігітов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Бұйрығымен бекітілген

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

      Әкімшілік нысанның атауы: "Су саласы мамандарының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер".

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): № 01-СШСМБАТМ.

      Кезеңділік: жылдық.

      Есепті кезең: __ жыл.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары және олардың филиалдары.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тоқсаны ішінде.

      ЖСН/БСН

     


      Жинау әдісі – электронды түрде.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі.

      Су саласы мамандарының біліктілігін арттырудың негізгі көрсеткіштері

№

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1

Біліктілігін арттыру курстарынан өткен мамандар саны

адам


2

Біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің штаттық санынан үлесі

%


3

Өткізілген біліктілікті арттыру курстарының саны

бірлік


      Атауы ___________________________________________

      Мекенжайы_______________________________________

      Телефоны_________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________

      Орындаушы _______________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

      (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы

      Нысанға қосымшада келтірілген.

  "Су саласы мамандарының
біліктілігін арттыру туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Су саласы мамандарының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер" (01- СШСМБАТМ нысаны, жылдық) әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда көрсеткіштің атауы көрсетіледі.

      3. 3-бағанда өлшем бірлігі көрсетіледі.

      4. 4-бағанда саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады