"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бейнеу ауданы бойынша ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 288 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бейнеу ауданы бойынша ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
"
8 |
Бейнеу – Сам – Ноғайты –Тұрыш | 500 | 250 |
".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Бейнеу ауданының әкімі | Р. Шалбаев |