Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 2026 жылғы 1 қазандағы № 9 шешімі

      Қарақия ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      № 145 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 145 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон: 8/72937/ 2-14-85.

      Шекарасы: Құрық ауылының 1 шағын ауданының барлық үйлері, 2 шағын ауданының №4-9, 24-47 аралығындағы үйлер, Байбол Орақов, С.Датұлы, Қ.Сүйеуов, Ардагер, Подстанция көшелерінің барлық үйлері, Абай көшесінің № 2, 4, 6, 8, 10, 14, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 28-2 үйлері. ".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі Ж. Қайнарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қарақия аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады